Kyzylorda-news.kz. Бүгін барлық өңірлерде ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқаны өтуде. Сыр өңірінде дауыс беру рәсімі басталды.

Сайлауға барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары дауыс беруге қатысуда.

Айта кетейік, Қызылорда облысынан 3 үміткер сайлауға түсті. Олар – «ҚазСуШар» РМК филиалының басшысы Жорабек Нұрымбетов, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов және Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменов.

Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 20 депутатының сайлауы жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын Республика азаматтары сайлайды.

Сенат депутаттарының сайлауы еліміздің барлық өңірлерінде (астана уақыты бойынша) сағат 11.00-де басталатын таңдаушылардың бірлескен отырыстарында өткізіледі.

Парламент Сенатындағы 20 орынға 55 кандидат үміткер тiркелдi.

Республика бойынша таңдаушылар тізіміне 3167 мәслихат депутаты енгізілген.

325588859_627111249218807_4828305749914647071_n.jpg

325699031_1838963026437687_1516034414619320256_n.jpg325574648_565110138857150_2697430855669332556_n.jpg

325765280_484334877208680_699706563647530295_n.jpg

Тағы да оқыңыз: