Kyzylorda-news.kz. 25 қазан — Республика күні аясында атқарылып жатқан шаралардың маңызы айрықша. Татулық пен тұрақтылықтың төрі болған «Достық» үйінде облыстық қоғамдық даму басқармасының «Сотсыз татуласу орталығы қызметін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы аясында облыстық медиаторлар форумы басталды. Елдігімізді айқындайын мемлекеттік Гимн орындалуы шара маңыздылығын арттыра түскендей.

«Баршаңызды алда келе жатқан 25 қазан - Республика күні ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мерейлі мереке қарсаңында өткізіліп отырған облыстық медиаторлар форумының маңызы ерекше. Елімізде медиация институтын дамыту, сотқа дейінгі және соттағы татуластыру рәсімдерін жандандыру шаралары мемлекеттік деңгейде үлкен қолдауға ие және соңғы жылдары қарқынды түрде дамып келеді», - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

Тәжірибесі мен біліктілігі ел бірлігін сақтаудың бір арнасы болып жүрген бірқатар кәсіби медиатор облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Елдегі тыныштық пен қоғамдық ахуалдың қалыптылығын реттеуде кәсіби медиаторлардың еңбегі орасан.

«Әр азаматтың пайым-пікірін тыңдап, кейбір істерді сотқа дейінгі татуласу орталығында шешімін табуға ықпал жасап жүрген кәсіп иелеріне қоғамда құрмет жоғары. Бұл ретте азаматтардың да түсіністік танытып, қолдау білдіріп, ортақ келісімге келіп, мәміле орнатып жүргенін айтуымыз керек», — деді Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова.

Құқықтық және азаматтық істердің нәтижелі шешім табуына үлес қосып жатқан медиация саласының өкілдеріне Облыстық Сот төрағасының Алғыс хаты табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін Сенат 25 қазанды Республика күні - ұлттық мереке ретінде белгілейтін құжатты мақұлдады. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып қалды. 25 қазан – Республика күні биылдан бастап жоғарғы деңгейде аталып өтеді.

309351408_1644446352617537_5635690788873560538_n.jpg

312028211_1644459879282851_7901300455715582024_n.jpg

 

Тағы да оқыңыз: