Kyzylorda-news.kz Бүгін Мемлекеттік рәміздер алаңында Мемлекеттік Рәміздер күніне орай салтанатты шара өтті. Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның және аймақтың дамуына үлес қосқан сырбойылықтар марапатталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен, автошерумен жалғасты. 

Айта кетейік, мерекеге орай облыстағы ірі сауда орталықтарында, халық көп жиналатын орындарда, теле-радио арналарда, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда және бюджеттік мекемелерде Мемлекеттік Гимн бір мезгілде орындалды.

Қала және аудандарда ғимарат терезелеріне, балкондарда Мемлекеттік Ту ілінетін «Туымыз - төрімізде» флэшмобы ұйымдастырылуда.

Әлеуметтік желілерде «Менің туым – менің мақтанышым!» челленджі іске қосылды.

Өңірде Елтаңба авторларының бірі, жерлесіміз, танымал сәулетші Жандарбек Мәлібековтің, Мемлекеттік Тудың авторы, суретші Шәкен Ниязбековтің еңбектерін насихаттауға арналған іс-шаралар кең көлемде өткізілуде.

Жазғы балалар лагерлерінде «Отанды сүю-жүректен» атты патриоттық шаралар ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, барлық елді мекендердегі «ҚР Рәміздері аллеялары» мен «ҚР Рәміздері алаңдарында» тұрғындардың, жастар мен волонтерлердің қатысуымен шаралар өтті.

447634742_757946279859952_8306320073763192268_n.jpg

447777687_757945463193367_737480288501162165_n.jpg

Тағы да оқыңыз: