Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы көлемінде 21-23 тамыз аралығында «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Кең ауқымды шараның мақсаты – облыс көлеміндегі жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.

«Қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту, қылмысқа қарсы іс-қимыл және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін бұл шара облысымыздың барлық аудандарында жүргізілетін болады. Тұрғындарды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге түсіністікпен қарап, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз» деді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шамшидин Амитов.

Тағы да оқыңыз: