Kyzylorda-news.kz. Осы жылдың сәуір айынан бастап Қызылорда қаласында «Қоғамдық тамақтандыру орындарындағы ас мәзірлерінің мемлекеттік тілдегі лингвистикалық базасын қалыптастыру» жобасы іске асырылуда.

Жобаны іске асыру барысында Қызылорда қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарында ас мәзірін мемлекеттік тілде ұсынудың қазіргі ахуалын зерттеу, ондағы жағымды және жағымсыз факторларға талдау жасау, қазіргі ас мәзіріндегі атаулардың тілдік негіздерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жоба аясында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Әбілов Алдажар Әбдірасуллеұлы, Боранбай Болат Елтайұлы, Абасилов Аман Маделханұлы, аудармашы Бекіш Ербол Тнейбекұлы  қала аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында болып,  дайындалып жүрген тамақтар тарихымен танысып,  мәзірлерге аударма жұмыстарын жасауда.

Маусым айында ғалым Әбілов Алдажар Әбдірасуллеұлы  іс-сапармен Астана қаласында болып, Ұлттық академиялық кітапханасында зерттеулер жүргізді. 

Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми кітапханасына,  ғалымдардың  үй жағдайындағы кітапханаларынан және ғаламтордан жинақталған материалдар сарапталуда.

Жинаған мәліметтерді сараптау нәтижесінде ет, сүт және теңіз өнімдерінен, балықтан, ұннан, дәнді-дақылдардан, көкөністерден, жеміс-жидектерден жасалатын тағам атаулары, сусын, шай түрлері,  таңғы ас атаулары, тәттілер, пасталар, салаттар, орамдар, ас қоспалары, суши, дәмдеуіштер бойынша барлығы 18 анықтамалық жасап шығу көзделген.

Тағы да оқыңыз: