Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронттардың ықпалымен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады.
Тек республикамыздың оңтүстігінде жауын-шашын жоқ, күн ашық.
Ел бойынша жел күшейеді.
Күндіз Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында 35-41°С қатты ыстық болады.