Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда қаласында Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтті. 

Жәрмеңкеге 50-ден астам жүк көлігімен 100 тоннадан жоғары ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, нарық бағасынан төмен бағада сатылуда. Атап айтқанда, 20 тоннадан астам күріш, 60 тонна шамасында бақша өнімдері, 7 тоннаға жуық ет пен балық өнімдері, кондитер және бакалея өнімдері, 220 кг сүт өнімдері, 16 тонна жем шөп, 10 бас тоқты жеткізілді.

Бүгін де мұнда сауда жасауға келген қызылордалықтардың қатары көп болды. Басым бөлігі бақша өнімдерін көптеп сатып алды. Ал ер кісілер жағы балық қойылған сөреге келгенде кілт тоқтайды. Тіпті мал азығын да молынан алып жатқан шаһар тұрғындары көптеп кездеседі. 

«Қазір нарықтағы кез келген өнімнің бағасы аспандап тұр. Оған кінәлі де өзіміз. Кез келген жерде өндірушіден тұтынушы көп болса, нарық құбылатыны заңдылық. Ала жаздай күтіп-баптағаннан өнімді сатып алғанды жөн көреміз. Біз секілді қала тұрғындарына жер мәселесі қиын, болмаса өзім де ішіп-жейтін бақша өнімдерін егіп, оны күтіп-баптауға қарсы емеспін. Бірақ ауламда мал ұстап отырмын. Осында ауыл шаруашылығы жәрмеңесі қаламызда жиі ұйымдастылса жақсы ғой. Өнімдердің бағасы қалтаға қонымды, сапасы да тәуір»,  – дейді қала тұрғыны. 

Жәрмеңкеге жарыса жүгірген жұртшылық қыс азығын қамдап, керекті өнімдерін алып, үйді-үйге жақсы көңіл күймен тарасуда.

6.jpg10.jpg9.jpg8.jpg

Тағы да оқыңыз: