Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда, қабырғалы принтер ел арасында сұранысқа ие. Оның көмегімен фотосуреттерді, сызбаларды, плакаттарды және басқа кескіндерді тікелей қабырғаға басып шығара алады. Принтердің бұл түрі әдетте үйлерде, кеңселерде, дүкендерде және т.т. жерлерде интерьерді безендіру үшін қолданылады. Қабырғалық принтердің жұмыс істеу принципі - ол бояуды қабырға бетіне арнайы аппликатор немесе саптама арқылы жағады. Қызылордалық кәсіпкер Айжан Бейсенова қабырғалы принтер жобасы арқылы 5 миллион теңге көлеміндегі қайтарымсыз гранттың иегері атанған. Оның айтуынша, бұл жоба алдыңғы кәсіптерінен туындаған мәселелерден шыққан идея екен. Ол «Даму бала» бағдарламасы арқылы оқу орталығын ашқан. Бүгінде мұнда 200 жуық бала білімін жетілдіруде. Сондай-ақ, Тасбөгет кентінде қосымша білім беру орталығын жүргізіп отыр. Осы екі кәсіпті дөңгелеп отырған Айжан Бейсенова орталықтарын ерекше безендіру үшін Астана қаласындағы қабырғалы принтермен айналысатын LC Wall Print компаниясының франшизасын сатып алған. Басында жай ғана көрнекілік үшін басталған дүние қазір кәсіпке айналыпты.

- Қабырғалы принтер жобаңыз жайлы айтып өтсеңіз.

- Жаба дизайнерлік қызмет саласында ел дамуына үлесін қосады. Оның үстіне, біздің өңірде мұндай жоба болмаған. Қазіргі таңда, әлемде қабырғалы принтер сұранысқа ие. Бар жұмысты робот атқаратын болған соң, оны жасау жеңіл және қолжетімді. Яғни бұл жоба қабырғаға ерекше суреттерді жылдам салумен ерекшеленеді. Мәселен, 1 шаршы метр суретті 20 минутта салып береді. Ал, адам оны бірнеше күн салады және оны кептіреді. Егер сіздің қалауыңыз, кішкентай детальдармен әрленген сурет болса, кез келген суретшінің қолынан келе бермейтіні белгілі. Жалпы, қабырғалы принтердің қызметі барлық тегіс қабырғаларға ультра күлгін бояғышпен сканерлеу арқылы салады. Адам ағзасына зиян емес. Бұрын-соңды қабырғаларды әктейтін едік қой. Оның қалдықтары жерді ластаса, ал қабырғалы принтерде ештеңені артынан жинаудың қажеттілігі жоқ.

- Бұл жобаны жасаудағы мақсатыңыз қандай?

- Әрине, осы кәсіпті облысқа әкеліп, оны дамыту. Дизайнерлік саланы жаңашыландыру. Біз өз орталығымызды қалай әдемілесек болады деп ойландық қой. Дәл солай, кәсіпкерлердің орталықтарына мектептеріне, балабақшаларына көмектесу.

НАШИ РАБОТЫ_page-0003.jpg

- Жоба несімен ерекшеленеді?

- Біздің жобаның ең ерекшелігі - робот. Соның көмегімен оперативті жұмыс істей аламыз. Тапсырыс берушінің де уақытын алмаймыз. Сонымен қатар, экологиялық таза өнім.

- Мемлекеттен тапқан қолдауыңыз көмектесті ме?


- Елімізден үлкен қолдау таптым. Мен 4-5 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер емеспін. Жаңадан бастап келе жатқан жас кәсіпкермін. Мемлекеттен 5 миллиондық қайтарымсыз грантты жеңіп алдым. Кәсіп бастағысы келетіндерге айтарым, ешбір қаңқу сөздерге сенбеңіздер. Егер сіз бірнәрсені бастағыңыз келсе және оны қалай бастауды білсеңіз еліміз қолдау көрсетеді.

НАШИ РАБОТЫ_page-0018.jpg

- Бұл жобаға қызылордалықтардың сұранысы қандай?


- Қаламызда сұраныс өте жоғары. Тіпті үйлерге, пәтерлерге дейін сұраныс түседі. Одан бөлек, мектеп, балабақшаларға барып, қызмет көрсетудеміз. Қызылордалық тұрғындардың қызығушылықтары жоғары деп айта аламын. Қазір үш адамды жұмыспен қамтып отырмын. Оның екеуі тасымалдау қызметінде. Тапсырыс түскен жерге барып, техникалық құралдарды құрастырып жүреді. Және дизайнерлік қызметті ұсынамыз. Тұтынушының қалауына қарай, дизайндар таңдап жібереміз.

- Алдағы уақыттағы жоспарларыңызбен бөліссеңіз.


- Осы кәсіпті бір жыл көлемінде дамыту. Адамдардың өмірін жеңілдету, қызмет түрін жылдамдату мақсатындағы жобаларды жасау. Мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен мықты кәсіпкер болуға болатынын дәлелдеу. Яки қазақстандықтардың кәсіп бастауына себепкер болу.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Азамат Абимолда

 

Тағы да оқыңыз: