Kyzylorda-news.kz. Қызылорда көлік прокуратурасы «Инфракос» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік сатып алу кезінде бөлінген мемлекеттік қаражатқа немқұрайлы қарағанын анықтады деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

«KazakhinTrade» ЖШС РМК-дан монтаждалған жерүсті кабель желісін бөлшектеу кезінде пайда болатын кабель өнімінің қалдығы — қорғасын қабығын сатып алған.

Алайда сатып алушы сатушының шотына шарт бойынша белгіленген мерзімде толық төлем жасамаған. 

Ал РМК өз тарапынан заңмен көзделген тәртіппен төленбеген қаражатты өндіруге бағытталған шараларды қабылдамаған. Осымен шектелмей жосықсыз сатып алушымен қосымша шартқа отырып, оған құқыққа қайшы артықшылық білдірген.

Аталған келісімшарт прокуратурамен уәкілетті мемлекеттік органға қадағалау актісі енгізілгеннен кейін біржақты бұзылды.

Сот шешімімен «KazakhinTrade» ЖШС-нен 80 млн теңгеге жуық өсімпұл сомасы толығымен өндірілді.

РМК басшысы жеке және заңды тұлғаларға шешім дайындау және қабылдау кезінде заңда көзделмеген артықшылық көрсеткені үшін «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды (мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық үшін), 7 қызметкерке «сөгіс» жарияланды.

Тағы да оқыңыз: