Kyzylorda-news.kz 24 қазанда облыс орталығында "Дала дәмі" ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Мақсаты – отандық өнім өндірушілерді қолдау және халықты сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз ету. 

Жәрмеңкеде қала тұрғындары күріш, Арал теңізінің балығы, қауын мен қарбыз, ас тұзы, табиғи сүт өнімдері, ұлттық сусындар және басқа да жергілікті өндірілген тауарларды сатып ала алады.  Тауар өндірушілер екі мың тоннаға жуық өнім ұсынады. 

Жәрмеңке өтетін орындар: 

  • Қызылорда қаласы - "Қайсар Арена" стадионының автотұрағы (Сол жағалау); 
  • Сырдария ауданы - "Тағзым алаңы" (С. Толыбеков және Д. Қонаев көшелерінің қиылысы); 
  • Қармақшы ауданы-и. Журба көшесі (С. Романов және М. Саламатов көшелерінің қиылысында); 
  • Жалағаш ауданы - А. Қашаубаев және Жетікөл көшелерінің қиылысы ("Титов" кенті); 
  • Арал ауданы-С. Торайғыров және Қорқыт ата көшелерінің қиылысы; 
  • Қазалы ауданы-Ғ. Мұратбаев және Қ. Яссауи көшелерінің қиылысы ("Шұғыла" шағынауданы); 
  • Жаңақорған ауданы-Астана даңғылы бойында (Е. Көшербаев пен А. Иманов көшелерінің арасында); 
  • Шиелі ауданы-Тасбөгет кентінің орталық алаңы.

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: