Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында 57 738,4  млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталған көрсеткіш өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102 пайызға артты.

Биылғы жылы өңірде 188,5 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде дәндi дақылдар 91,7 мың гектар, майлы дақылдар 5,9 мың гектар, мал азықтық дақылдар 71,3 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша дақылдары 19,6 мың гектар, қант қызылшасы 3,5 гектарға орналастырылған. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 78,6 мың гектарды құрап отыр. Жалпы айтқанда, ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылмен салыстырғанда 451 гектарға артық егіліп отыр. Сонымен қатар, облыста егісті әртараптандыру бағытында жүгері дақылы 1 945 гектарға, соя 189 гектарға, қант құмайы 358 гектарға, 3,5 гектарға қант қызылшасы дақылы егілді.

Сондай-ақ облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары биылғы жылы егілген дақылдарға күтіп - баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай өз мерзімінде жүргізді. Аймақта егілген 78,6 мың гектар күріш егісінің 61,4 мың гектары арам шөптерге қарсы гербицидтермен толық өңделді. Сонымен қатар 65 мың гектары тыңайтқыштармен толық үстеп қоректендірілді.

egin.jpg

Тағы да оқыңыз: