Kyzylorda-news.kz. 21 қазан күні Қызылорда қаласында «Алтын дән-2023» іс-шарасы аясында Қызылорда қаласында барлық аудандар мен «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеде Сыр диқандары мен шаруалар өндірген өнімдерін төмен бағада ұсынатын болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтетін орындары:
- Астана даңғылының бойы - Жаңақорған ауданы;
- Тасбөгет кенті - Шиелі ауданы;
- Жанқожа батыр көшесінің бойы - Сырдария ауданы;
- Ғ.Мұратбаев көшесі мен Қ.Яссауи көшесінің қиылысы - Қазалы ауданы;
- С.Торайғыров көшесінің бойы - Арал ауданы;
- Ә.Қашаубаев көшесі мен Жетікөл көшесінің қиылысы - Жалағаш ауданы;
- Журба көшесінің бойы - Қармақшы ауданы;
- Д.Қонаев және Е.Әуелбеков көшелерінің аралығы - Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері және «Байқоңыр ӘКК» АҚ.