Kyzylorda-news.kz. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өтетін 2023 жылғы 6 ай қорытындысымен туралы мәжіліс өтті. 

Іс-шарада Қызылорда облысының даму жоспарындағы  көрсеткіштерінің орындалуы және шағын және орта бизнестің дамуы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды.

Аймақ басшысы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің өңірлік деңгейдегі негізгі стратегиялық құжаты - 2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарының орындауға көзделген нысаналы индикаторларын сапалы және мерзімінде орындалуын қамтамасыз етіп, тиімділік дәрежесін арттыру керектігін атап өтті. 

«Үстіміздегі жылы 120 нысаналы индикатордың орындалуы көзделген. Жыл соңына дейін 22-і нысаналы көрсеткіштердің жоспарлы мәндеріне қол жеткізілмеу қауіпі бар. Өздеріңізге мәлім, барлық облыстық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне Даму жоспарының нысаналы индикаторларының орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды. Дегенмен, бірқатар нысаналы индикаторлар бойынша жыл соңына дейін орындалмау қауіпі орын алуда», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Қауіп төндіретін индикаторлар облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау басқармаларына тиесілі. Аталған сала басшыларына нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндеріне қол жеткізу үшін, әрбір көрсеткіштерге тиісті талдаулар жасап, орындалмау қауіпі бар мәнді көрсеткіштерін дәлелді түрде төмендету немесе асыра орындалатын көрсеткіштердің жоспарлы мәндерін көтеру бойынша тиісті салалық министрліктермен жұмыс атқару тапсырылды. Барлық мемлекеттік орган басшыларына әр тоқсан сайын белгіленген индикаторларға қол жеткізу нәтижелері бойынша есептері облыс әкімінің төрағалығымен өтетін мәжілісте қаралатыны ескертілді.

6 ай қорытындысымен шағын және орта бизнестің дамуы туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Исатай Аңсат баяндама жасады.

Басқарма басшысының айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікте облыс тұрғындарының 9,3%-ы немесе 77590 субъекті тіркелген. Кәсіпкерлік субъектілерінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 4 орында. Биылғы жылы кәсіпкерлікті қаржылай қолдауға әртүрлі көздерден шамамен 23 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылып, жартыжылда 2 мыңнан аса жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. Облыс әкімі аймақта кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту қажеттігін айтып, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің жыл қорытындысымен өсімін қамтамасыз ету және жыл қорытындысымен шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 21,5%-ға, ал орта бизнестің үлесін 9%-ға жеткізу бағытында нақты жұмыстарды үйлестіруді тапсырды.

Тағы да оқыңыз: