Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы Қызылорда облысында 6 ауылға көгілдір отын жеткізіліп, халықты газдандыру деңгейі 70 пайыз болды.

Биыл 12 ауыл газға қосылып, қамту деңгейі 75 пайызға жеткізілмек. Нәтижесінде 40 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көреді.

2024-2026 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде 18 газдандыру жобасын қаржыландыруға 10,2 млрд. теңгенің бюджеттік өтінімі ұсынылды. Мұнан бөлек, 2024 жылға тағы 2 жобаны қаржыландыруға 0,9 млрд.теңгеге бюджеттік өтінім әзірленді. Барлығы 20 жоба дайындалып, 11,1 млрд. теңгенің бюджеттік өтінімі тиісті министрлікке жолданды.

Тағы да оқыңыз: