Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы халқының 39 проценті балалар. Бұл туралы Қызылорда облысы білім беру қызметкерлері мен ата-аналарының «Отбасы – тәрбие бесігі» атты бірлескен кеңесінде Балалар құқығы мәселелері бойынша өңірлік уәкіл Жапырақ Ұзақбаева мәлімдеді. 

«Сыр өңірінде халық саны 832 488  болса, оның  326 373 немесе 39%-і бала», - деді ол. 

Сонымен қатар, 24 315 бала көпбалалы, 30 994 аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатыр. 6711 баланың мүмкіндігі шектеулі, 797-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған. 

«Республикалық статистикаға сүйенсек, жыл сайын облыста 5000-ға жуық отбасы құрылады, 2000 –ға жуығы ажырасады.
Толық емес отбасында 16 636 бала тәрбиеленеді», - деді Жапырақ Ұзақбаева. 

Тағы да оқыңыз: