Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік  тауарларына бағаны тұрақтандыру үшін 2022 жылы облыстық бюджеттен 3 300 млн. теңге бөлінген болатын. Жыл бойы халықты азық-түлікпен тиімді бағада қамтамасыз ету мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тиімде жобаларының арқасында бірқатар жұмыстар жүйелі жүзеге асты.

 Сондай-ақ, жыл басынан бері тұрақтандыру қорына 11218,2 тонна азық-түлік тауарларын сатып алуға 1 925,8 млн. теңге жұмсалды. Осы орайда «Байқоңыр» корпорациясы қызылордалық тауар өндірушілердің де өнімдерін сатып ала отырып, баға тұрақтандырумен қатар халықты жергілікті өніммен қамтамасыз етуді қолға алып отыр. Осы орайда қор жергілікті кәсіпкер «Ер-Әлі» шаруа қожалығынан 100 тонна картоп алуға шарт жасасты. 

«Жергілікті кәсіпкерлердің өнімін халыққа ұсыну – ішкі нарықтағы айналым бағытын көтереді, сырбойылықтардың өз өнімін тұтынуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шаруаларға өнімді өзге облыстарға жібермей, сыртқа эспорттамай өңірде қалдыру да тиімді болмақ. Қазіргі таңда 100 тонна картопты «Ер-Әлі» шаруа қожалығынан сатып алуға келісім шарт жасалды. 35,12 тоннасы қоймаға жеткізілді. Айта кетейік, бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында  310,2 млн. теңге сомасына 1218,1 тоннаны құрайтын қант, қарақұмық жармасы, өсімдік майы,  күріш, картоп, бірінші сортты ұн т.б  өнім қоры бар. Қытымыр қыста халық қажетті басты өнімдерді әлеуметтік дүкендерден алуына мүмкіндік бар», - деді «Байқоңыр» ӘКК АҚ Басқарма Төрағасы Самат Нұрахметұлы.

Айта кетейік, әлеуметтік дүкендер мен сауда орындарындағы өнімдердің бағасына күн сайын мониторинг жүргізу мақсатында қоғам тарапынан бекітілген жауапты қызметкерлермен тұрақты бақылау жүргізіледі. Бүгінгі күні барлық әлеуметтік дүкендерде 19 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары белгіленген бағада сөреде тұр. Сондай-ақ, әлеуметтік дүкендердегі өнімдердің бағасы нарықтық бағадан төмен.  Тауарларды көтерме сатып алу және қайта сату фактілеріне жол бермеу, сондай-ақ өнімдерді әрбір отбасына жеткізу мақсатында тапшы тауарларға шектеу бар. Мәселен бір сатып алушыға нан – 3 дана, қант – 1 кг, картоп – 3 кг, сәбіз – 2 килограмнан беріледі.

294482930_1578847315844108_1691516393654105986_n_aec6a5d92d.jpg

 

Тағы да оқыңыз: