Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында жылу беру маусымы жоспарға сәйкес тұрақты өтуде. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қызылорда жылу электр орталығы мекемесінің "Жылу жүйелері" бөлім басшысы Хасанғали Иманғалиев баяндады.

- Қызылордада күнтізбелік бес күн ішінде гирдрометеорологиялық қызмет тіркеген сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8⁰ С және одан жоғары болған жағдайда қала әкімінің шешімімен жылу беру маусымы аяқталады. Биыл шамамен 10 немесе 15 сәуірге жоспарланып отыр, - деді бөлім басшысы Хасанғали Айғалиұлы.

Жалпы, Қызылорда қаласы бойынша жылу желілерінің ұзындығы – 199, 05 шақырымды құрайды. 2023 жылғы жылу маусымы барысында 11,9 км жылу желілеріне жоспарланған жөндеу жұмыстары толығымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізілді. Соның нәтижесінде, Қызылорда қаласының жылу желілердің тозу деңгейі 48%-дан 45,1%-ға азайды.

Ал, биыл жалпы ұзындығы 4,3 км диаметрі 57-325 мм құрайтын кварталаралық жылу желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары, 6 жоба бойынша жалпы ұзындығы 9,5 км қаланың жылу желілеріне қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Тағы да оқыңыз: