Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жол-көлік апаты болып, үш адам қайтыс болған деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі.

9 ақпан күні сағат 18:55 шамасында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының жедел «102» арнасына хабарлама түскен. «Лада 21099»» және «Камаз» маркалы автокөліктер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болған.

Салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тауып, бір адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тағы да оқыңыз: