Фото: oblzem.com
Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында ұзақ жылдар бойы игерілмеген 851 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды КазИнформ.
Қалалық прокуратура қадағалау актісі негізінде ұзақ жылдар бойы игерілмеген, құны 55 млн теңге 851 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды. Оның ішінде кәсіпкерлік мақсаттағы 9, жайылымдық мақсаттағы 842 гектар жер бар.
«Жер пайдаланушыларға берілген нұсқама талаптарын орындамаған 16 азаматқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды. Бұдан бөлек ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған 7069 гектар 158 жер учаскесі анықталды. Бүгінгі күні аталған жер учаскелеріне қатысты уәкілетті органмен нұсқамалар беріліп, мәжбүрлеп мемлекетке қайтару үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр», - деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.