Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы соңғы айда азаматтарға қоңырау шалып, тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп кеткенін ескертеді. Олар өзін ХҚО қызметкері ретінде таныстырып, қарызын төлеуді талап етеді.
Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайды. Сондай-ақ борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқ.
«Азаматтарға арналған үкімет» пен қызмет алушылар арасындағы кез келген байланыс 1414 нөмірінен жолданатын SMS хабарлама түрінде ғана болуы мүмкін, азаматтарға брондау, құжаттар мерзімінің аяқталуы, құжаттың дайын болғаны немесе композит қызметтеріне қатысты хабарламалар жолданады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы тұрғындарға мұқият болып, жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпауға кеңес береді. Аталған мәселе бойынша алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендер құқық қорғау органдарына хабарласа алады.