Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңесте құрылыстың ел экономикасының өте маңызды саласы екендігін атап өткен болатын. Сонымен бірге мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында құрылыс саласының тиімсіз пайдаланылуы мәселесі жөнінде де айтты. «Елімізді экономикалық-әлеуметтік дамыту ісінде маңызды рөл атқаратын құрылыс саласының тиімсіз басқарылуы өте өзекті мәселе болып тұр. Мысалы, жобалардың құнын сметалық есептер арқылы анықтау әдістемесі әлемдік стандарттарға сай емес. Инвесторлар уақытын, қаражатын және жұмысқа деген құлшынысын жоғалтып, ақыры құрылысқа рұқсат беретін құжаттар көп талап етілмейтін елдерге кетіп қалады. Үкімет халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, инвесторлар үшін жобалық-сметалық құжаттарды бекіту тәртібін барынша жеңілдету керек. Өздеріңізге мәлім, мен осыдан бір жарым жыл бұрын әлемдегі озық тәжірибеге сай келетін Қала құрылысы туралы кодекс әзірлеуді тапсырдым. Бірақ менің атыма бірқатар сарапшылар мен кәсіпкерлерден өтініштер келіп жатыр. Олардың айтып жатқан шағымдары мынадай: қазіргі Кодекстің жобасы қойылған талапқа сай келмейді, бұрыннан бар нормалар ұсынылған, жаңа тәсілдер мен шешімдер жоқ. Сондықтан, Кодекстің жобасын қайтадан мұқият қарап, жетілдіру қажет», - деді Тоқаев.
Иә,экономиканың негізгі іргетасы осы құрылыс саласы болып табылады. Сол үшін атаулы саланың дамуы мемлекеттің экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтік жағдайының дамуына тікелей байланысты. Бүгінде заман талабына сай етіп салынған құрылыс кешендері аймақтың айбынын арттырып, өңірдің өсіп-өркендеуіне үлес қосуда. Сонымен бірге соңғы уақыттары Арал ауданы бойынша құрылыс саласындағы жұмыстар жоғары деңгейде жүргізіліп келе жатқаны белгілі.
Сала бойынша Арал қаласында осыған дейін аудандық Ішкі Істер бөлімі ғимараты, 5 учаскелік полиция бөлімшесінің ғимараты және Арал қаласындағы №4-ші мөлтек ауданында өкілдік (резиденция) коммуналдық объектісі сонымен қатар сот ғимараты мен аудандық прокуратура ғимараты және халыққа қызмет көрсету орталығы ғимараты бой көтерген.
Ауыз су мәселесі – аудан халқы үшін ең маңызды мәселе. Тіршілік көзінің мәселесі бойынша да ілкімді жұмыстар атқарылған еді. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2013 жылы 5 елді мекеннің, оның ішінде Жақсықылыш кенті, Қосжар, Сапақ, Жалаңаш, Ақбай елді мекендерінің ішкі су жүйесін кеңейту және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген болатын.
Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017-2018 жылдары 7 елді мекенге, яғни Сексеуіл кенті, Аманөткел, Бөген, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға, Конту елдімекендерінде ішкі су құбыры желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары іске асты.
Сонымен қатар «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша 4 елді мекеннің, 2018 жылы Қарашалаң, 2020 жылы Шөміш, 2021 жылы Аққұлақ және өткен жылы Көктем елдімекенінде ішкі су құбыры желілерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары бағытында барлығы 16 жоспар жүзеге асты.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткен жылы көптеген жоспарлар орындалды. Олардың ішінде ауыз су, электр желісі мәселесі басты назарда болды. Ауылдық елдімекендердің халқы үшін жақсы жаңалықтар мол болды. Оның мысалы, бөлінген 363,2 млн теңгеге Арал қаласының №8, №6, Жақсықылыш кентінің жаңа мөлтек ауданы және Көктем елдімекені толықтай Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылса, 442,6 млн теңгеге Арал қаласының №6, №8, №5 мөлтек аудандары, Жақсықылыш кентінің жаңа мөлтек ауданы толықтай электр желілеріне қосылды.
Сондай-ақ Құланды елді мекеніне 17,5 млн теңгеге блок-модуль қойылды. Бұл өз кезегінде елдімекендер халқының сапалы ауыз сумен қамтылу дейгейін 88,6 пайызға дейін көтерді.
2014 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 1,5 млн теңгеге Ақбасты елді мекеніндегі ауыз су тұщыту қондырғысының мембрана клапандары жаңадан ауыстырылса, 2015 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 1,4 млн теңгеге Ақбасты елді мекеніндегі ауыз судың шахталық құдығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар тоқтап қалмай, 2016 жылы аудандық бюджеттен бөлінген 1,6 млн теңгеге Ақбасты елді мекеніндегі ауыз су тұщыту қондырғысының 8 дана мембраналық құрылғылары ауыстырылып, шахталық ауыз су құдығына қоршау жұмыстары жүргізілді.
2017 жылы Арал аудандық бюджеттен бөлінген 4,0 млн теңгеге Сазды ауылындағы 3 дана шахталық ауыз су құдығы және Тоқабай елдімекеніндегі ауыз су құдығы ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаңадан шахталық ауыз су құдығы қазылды.
Жалпы, құрылыс саласы Арал ауданының экономикалық өсіміне және қарқынды даму жүйесіне тікелей және жанама әсер ете алады. Сондай-ақ ол белгілі бір деңгейде халықтың қажеттілігін өтейді. Тиісінше, барлық саланың басында тұрған, маңызды да экономикалық мықты іргетастың көрінісі болып қала бермек.