Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті Сұңқар Қаныбек каратэ-додан әлем чемпионы атанды.
Польшаның Бельско-Бяла қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионатында 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кумитэ бойынша сынға түсті. Финалдық кездесуде Шотландия өкілі Каллен Бродиді 4:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – қазақстандық спорттың үлкен жетістігі. Университет ұжымы Сұңқар Қаныбекті жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
