Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов пен Халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Шерхан Бітімбай QS Higher Ed Summit: Asia Pacific 2026 халықаралық саммитіне қатысуда.
«Advancing Education for Purpose and Impact» тақырыбында ұйымдастырылған ауқымды жиынға әлемнің 31 елінен 400-ден астам университеттің өкілдері, жоғары білім саласының жетекшілері мен сарапшылары жиналды.
Саммит аясында жоғары білім берудің болашағы, университеттердің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, халықаралық серіктестікті кеңейту, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды дамыту, сондай-ақ білімнің қоғамға тигізетін ықпалын күшейту мәселелері талқылануда.
Халықаралық саммитке қатысу университеттің шетелдік жоғары оқу орындарымен байланысын нығайтуға, жаңа серіктестік бағыттарды айқындауға және озық тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік береді.

