Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Наурызбай Байқадамов Корея Республикасының Сунчон ұлттық университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтуға, білім беру саласында тәжірибе алмасуға және ұзақ мерзімді халықаралық серіктестікті дамытуға бағытталған.

Меморандум аясында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен ғылыми зерттеулер мен білім беру жобаларын жүзеге асыру, халықаралық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру, сондай-ақ өзара тәжірибе алмасу көзделген.

Жаңа келісім Қорқыт ата университетінің халықаралық байланыстарын кеңейтіп, білім алушылар мен оқытушылар үшін академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.

Тағы да оқыңыз: