Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жүйесін айтарлықтай өзгерту керегін атап өткен болатын. "Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғарысын 120 пайызға дейін жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27 пайызға арттыруға мүмкіндік береді", - деген еді мемлекет басшысы.

Бүгінгі күні тұрғындардың көпшілігін “зейнетақы қорындағы қаржыны қалай алуға болады?” деген сұрақ мазалайды. Және оның заңдылықтары турасында көбі біле бермейді. 

– Қазақстаннан тыс жерлерге кеткен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтарын зейнет жасына толғанға дейін толық көлемде ала алады. Алу үшін олар Қорға өзі пошта арқылы не сенім білдірілген өкілі немесе заңды өкілі арқылы БЖЗҚ сайтынан білуге болатын құжаттар тізбегін ұсынулары қажет. Осыдан кейін зейнетақы төлемі он жұмыс күні ішінде біржола төленеді. Сондай-ақ, зейнетке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққан қазақстандықтар өздерінің барлық зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдалана алады. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдардың толық тізбесі Әлеуметтік кодекстің 212-бабында айқындалған. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі басқа банктерге, ал емделу ақысын төлеу үшін тек Отбасы банкіне жүгіне алады. Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге ақы төлеу үшін БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар адамдар пайдалана алады. Тек мұндай адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын болуы керек. БЖЗҚ-да жинақтары бар, қазіргі кезде зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер. Олар тұрғын үйге және емделуге қалған сомасының 50 пайызына дейін пайдалана алады. Бірақ олардың жиынтық зейнетақысы бұрын алған жалақысының кемінде 40 пайызын құраған жағдайда ғана осы мүмкіндікке қол жеткізе алады,- дейді БЖЗҚ-ның Қызылорда облыстық филиалының Арал қаласындағы қызмет көрсету орталығының басшысы Ғалия Айболсынова.

 Әлеуметтік кодекстің ережелерінде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне негіз бола алатын жағдайлардың нақты тізбесі көрсетілген. Оның ішінде алушының қайтыс болуына байланысты жасалатын төлем де бар. Тиісінше, БЖЗҚ зейнетақы жинақтары сомасының есебін жүргізуді алушы немесе оның мұрагері осы соманы талап еткенге дейін жалғастыра береді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, егер өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлер болмаса, не мұрагерлердің ешқайсысының мұрагерлікке құқығы болмаса, олардың барлығы мұрадан бас тартса, мұра иесіз мүлік болып танылады және мұра ашылған жер бойынша коммуналдық меншікке өтеді.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар босатылады. Сонымен қатар, жұмыс берушіге жоғарыда аталған адамдардың өтініші негізінде БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға және аударуға рұқсат етіледі. Осылайша, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар отандастарымыз жұмыс орны бойынша БЖЗҚ-ға МЗЖ ұстап қалуға келісім беру туралы өтініш беруге құқылы. Олар егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға құқылы. 

Тағы айта кетерлігі, салымшылардың зейнетақы шоттарындағы өздерінің жинақтарының жай-күйін үнемі қадағалап отырғаны жөн. Сонымен қатар қордағы жеке зейнетақы шоттарыңызға зейнетақы жарналарының түсуіне баса назар аударған жөн. Себебі кейде жұмыс беруші өзінің міндеттерін толық орындамайтын, немесе мүлде аударым жасамайтын жағдайлар да кездесті. Сондықтан шоттарыңыздағы жинақтарды назарда ұстап отырған жөн. Жеке зейнетақы шотыңыздын үзінді көшірме алу – салымшының заңмен бекітілген құқығы. Қазіргі таңда ақпаратты аудың ең ыңғайлы тәсілі сайттағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет. Ол үшін жеке кабинетте бір рет тіркелу қажет. Мұны дерекқорына тіркелген телефон нөміріне келген СМС  алу арқылы жасауға болады. Сондай-ақ, электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне бару арқылы іске асыруға болады.

– Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге және емделуге пайдалану құқығына белгілі бір жеткілікті шегінен асатын жинақтары бар, зейнетақы төлемін алып жүрген зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған соммасының 50 пайыздан аспайтын шекте, сақтандыру компаниялармен өмірлік аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар пайдалануға құқылы. Еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер - оларға МЗЖ есебінен қалыптастырылған өздерінің зейнетақы жинақтарының барлық мөлшерін пайдалануға құқық берілді. Егер осы санаттағы азаматтардың біріне жататын кез келген адам зейнетақы жинақтарын шектеусіз пайдалана алады,-дейді Ғалия Айболсынова.

Тағы да оқыңыз: