Kyzylorda-news.kz. Ақтаудағы көшелердің бірінде жалаңаш жүрген ер адам жұртты шошытты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері күдікті ұсталғаннан кейін бірден психиатриялық диспансерге жатқызылғанын хабарлады.

Қазір аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан өзге ақпараттар тергеу мүддесі сай жарияланбайды, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, 6 ықшамауданда қолына кітап ұстап, арабша құран сүресіне ұқсас сөздерді айтқан ер адам сол маңдағы дүкенге кіріп, тоңазытқышты құлатқан.

Артынша оны учаскелік полицейлер ұстағаны хабарланды.

Тағы да оқыңыз: