Kyzylorda-news.kz Жақында ардагерлер кеңесінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Арал аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жоланов төрағалық еткен отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, Жіңішкеқұм, Қарақұм, Аққұм ауылдық округтерінің әкімдері, Арал ауданы әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас маманы Балпаш Елдос Арғынбайұлы, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекттік қызметтер басқармасының бас маманы Тілепбаева Динара Нұрланқызы бейне байланыс арқылы қатысты.

Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде «Жіңішкеқұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, «Қарақұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы және «Аққұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жіңішкеқұм ауылдық округінің әкімі Әлішев Мұқансерік Қуандықұлы хабарлама жасап, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу бойынша олардың орындалу мерзiмiн, сапасын ұдайы бақылауда ұстау қажеттігі, кеңес отырысында айтылған ұсыныстарды алдағы уакытта қадағалап, орындалуын қамтамасыз етy туралы, ауылдық oкpyгтe салынып жатқан мектеп құрылысын бақылауда ұстау керектігі туралы, мемлекеттiк қызмет керсетyдiң жыл қорытындысымен қорытындысы бойынша коғамдык кеңеске атқарылған жұмыстары жөнiнде мәлiмет уақытылы беруді және ауылдық округке жүргiзiлетiн ауыз су мәселесін күн тәртiбiнен түсiрмей бақылау туралы шешім қабылданды. 

Екінші мәселе бойынша «Қарақұм ауылдық округі әкімі аппараты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» хабарламаны Қарақұм ауылдық округінің әкімі Бозғұл Мұхтар Жүгінісұлы жасады және кеңесте мекеме тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін ұдайы назарда ұстап, уақытылы шешу және атқарылып жатқан жұмыстарды қоғамдық кеңестің сұранысына сәйкес мәліметтер жіберіп отыру туралы шешім қабылдады.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша «Аққұм ауылдық округі әкімі аппараты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» Аққұм ауылдық округінің әкімі Жандаулетов Нұрбек Сәуренұлы хабарлама жасады. Аққұм ауылдық округi әкiмi аппараты коммуналдық мемлекеттік мeкeмeci тарапынан жасалып жатырған жұмыстарды жүйелi түрде жалғастыру, ауылдық округке жүргiзiлiп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылауда ұстау, сонымен қатар ауылдық округ әкiмi аппараты арқылы алдағы уақытта атқарылып жатырған жұмыстар тyралы сұранысқа сәйкес аудандық қоғамдық кеңеске ұдайы мәлiмет жолдап отыру туралы шешім шығарды.

Жиын қорытындысында алдағы уақытта барлық жұмыстың жоспарға сай орындалуын қадағалау тиісті өкілдерге жүктелді.

Тағы да оқыңыз: