Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде «YERBOL» тіс емханасының ашылу салтанаты өтті. Игі шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов қатысып, жаңа нысанның ел игілігі жолындағы маңызын атап өтті.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі ауданда денсаулық сақтау саласындағы атқарылып датқан игі жұмыстар жайындап атап өтіп, 40 жылдан астам уақыттан бері аудан медицинасының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан Бекжановтар әулетіне алғысын жеткізді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласындағы мұндай бастамалардың кәсіпкерліктің дамуына да оң ықпал етіп отырғанын атап өтті.
Шара аясында ауданның денсаулық сақтау саласына және халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету ісіне қосқан үлесі үшін Бекжановтар әулетіне аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Жиында Қазалы ауданында денсаулық сақтау саласын ұзақ жылдар бойы басқарған ауданың Құрметті азаматы, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының экс-орынбасары, денсаулық сақтау саласының ардагері Амангелді Қадірбаев сөз сөйлеп, жаңа емхананың жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, «YERBOL» емханасының алғашқы директоры болған марқұм Жомарт Бекжановтың досы, Шымкент қаласынан арнайы келген тіс дәрігері Мырзақан Жолтаев жүрекжарды лебізін білдіріп, Бекжановтар әулетінің елге қызмет жолындағы еңбегі жайында сөз қозғады.
Салтанатты рәсім соңында арнайы лента қиылып, қонақтар жаңа емхананың ішкі құрылымымен, заманауи медициналық құрал-жабдықтарымен танысты.
Айта кетейік, “YERBOL” тіс емханасы тұрғындарға тіс емдеу, тіс жұлу және тіс протездеу қызметтерін көрсетеді. Заманауи құрылғылармен жабдықталған жаңа нысан халыққа сапалы медициналық қызмет ұсынуға бағытталған.
