Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев бокстанТайландта өткен Азия біріншілігінің чемпионы Гүлсая Ержанды қабылдап, құрмет көрсетті.

Шара барысында аудан басшысы спортшыны айтулы жеңісімен құттықтап, аудан жұртшылығының атынан ризашылығын білдірді. 

«Әлем чемпионатында Көк байрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымыздың үнін асқақтатқан жеңісіңізбен құттықтаймын!Ауданда спорт саласын дамыту басты назарымызда. Соның нәтижесінде Өзіңіздей спорт саңлақтары әлемді мықтылығымен мойындатуда», – деді аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы.

Басқосуда аудан басшысы спортшы мен оның жаттықтырушысы Б.Құлбаевты Алғыс хаттармен марапаттап, сыйақы табыстады. Сондай-ақ, Гүлсаяның әжесі Үржан Ағділдақызына қайсар қыз тәрбиелегені үшін алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.

Тағы да оқыңыз: