Kyzylorda-news.kz. Тарих - адамның жады, рухы, тілі. Халықтың ұлттық рухын көтеру үшін, оның тарихын білу керек. Академик Манаш Қозыбаев баһадүрге «...Қорқыт Ата» жырлаған оғыз батырларының ерлігі 12 дастан болса, Жалаңтөс батырдың жекпе - жек соғыста 42 рет жеңіске жетуінің әрқайсысы бір-бір дастан бола алады. Сондықтан Жалаңтөс баһадүрдің тарихи тұлғасын зерттегенімізде, оны бір рудың төңірегінде қарамай6 қазақ халхының арасынан шыққан бүкіл Тұран өркениетінің ұлы перзенті ретінде қарауымыз керек», - деп баға берген.
Қазіргі таңда Қарашеңгел ауыл орталығы - «Жалаңтөс Сейітқұлұлының (1576-1656) кіндік қаны тамған жері» Тұран елінің мақтанышы, қазақтың батыры «Жалаңтөс батыр» бабамыздың есімімен аталады.
Қарашеңгел ауылдық округі орталығы - Әйтеке би кентінен шығысқа қарай 12 шақырым жерде, «Сырдария» жайылмасының қамыс, құрақ басым өскен шалғын топырақты шөлді белдемінде орналасқан. Ауыл халқы егін шаруашылығымен айналысады.
Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударған «корейлерге» Үкіметтен жиырмаға жуық үй салынып, ауыл орталығына қоныстанған. Корейлердің қатарында атақты ауыл шаруашылығының ұйымдастырушысы Қ.Пірімов басқаратын «Қызылту» ұжымшарының күрішшілері бригадасында Петр Пак звено жетекшісі болып еңбек еткен. 1948 жылы П.П.Пактың звеносы өздеріне бекітілген 5 гектар күріштің әр гектарынан 80,5 центнерден өнім алған. Еңбектегі осындай ерлігі үшін оған 1949 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағы берілген.
«Қызылту» ұжымшарының төрағасы бірінші болып, танк жасау қорына 100 мың сом ақша беріп, бұл істе көпшілкке мұрындық болды. Қ.Пірімовтың бастамасымен танк жасау қорына жәрдем көрсету ауданда қызу басталды. «Жалаңтөс» ұжымшарының төрағасы Мәшенбаев Бермахан 100 мың сом, «Қызылту» ұжымшарының звено жетекшісі Сухан Олжанов 30 мың сом және 400 пұт астық, осы ұжымшардың бригадирі Пак Петр 50 мың сом және 250 пұт астықты Отан қорғау қорына салған.
Міне, осындай қажырлы еңбектің арқасында өз ұжымын жоғары табыстарға жеткізген, сол арқылы ауданның атын шығарған. «Қызылту» ұжымшарының төрағасы Қ.Пірімов КСРО Жоғарғы Кеңесіне үш дүркін депутат болып сайланған.
Осы ауыл 1934 – 1949 жылдары №3 ауыл Советі болып аталып, бұл ауыл Советке Басықара, Ленин, Қызылту колхоздары қараған.
1949-1957 жылдары Карашеңгел ауылдық Советі деп аталып, 1957- 1977 жылға дейін Қарашеңгел ауылдық кеңeci болып, бұл кеңеске үш ауыл Басықара, Құмжиек, Қызылту ауылдары қараған.
1977 жылы Қызылту совхозының орталығынан кеңсе салынып, 5 елді мекеннен тұратын /Үйрек, Водокачка, Алтай, Ойынды, Көбек/ өз алдына Қызылту совхозынан Ауылдық кеңес болып ашылған.
Тоқсан жылдық тарихы бар «Ауылдық Совет» 1991 жылдан Қарашеңгел ауылдық округі болып жұмыс жасады.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 7 мамырдағы №372 қаулысымен Қызыл-ту совхозына «Жалаңтөс батыр» аты берілді.
1997 жылдың шілдесінде бұл ауылдық округ таратылып, үш ауылдық округ Қарашеңгел, Басықара, Құмжиек, біріктіріліп, Құмжиек ауылдық округі әкімі болып құрылды.
2000 жылдың сәуір айында Қарашеңгел ауылдық округі қайта құрылып, қазіргі таңда «Қарашеңгел ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ болып жұмыс жасауда. Қазіргі таңда Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Жамшейтов Орысбек Қаниұлы.
Ауылдық округ аудан орталығынан 12 шақырым қашықтықта орналасқан, 6 елді мекені бар, 1598 халық тұрады, отбасы саны 302, оның ішінде, Жалаңтөс батыр ауылының халық саны - 1167, отбасы саны - 216. Үйрек елді мекенінің халық саны - 68, отбасы саны - 21. Шитүбек елді мекенінің халық саны - 102, отбасы саны - 24, Алтай жол айрығының халық саны - 78, отбасы саны - 10, Ойынды жол айрығының халық саны - 99, отбасы саны - 21, Көбек жол айрығының халық саны - 84, отбасы саны -17.
Сапалы ауыз су денсаулық кепілі
2017 жылы Үйрек елді мекеніне сметалық құны 34055,07 теңгеге сервистік жүйемен ауыз су жүргізілді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 10 шаруа қожалығы жұмыс істеп тұр. Ауылдық округте Қ.Пірімов атындағы №103 қазақ орта 250 орындық жаңа типтегі мектебі, «Алақай» шағын орталығы, «Қарашеңгел ауылдық округі әкімі аппаратының №14 «Сәуле» бөбекжай-балабақшасы, «Жалаңтөс» Дәрігерлік амбулатория, кітапхана, ауылдық клуб, Арал-Сарбұлақ топтық су құбыры пайдаланушы Қазалы өндірістік бөлімшесіне қарасты №11 су көтеру стансасы, почта байланыс бөлімшесі, ветеринарлық пункт, автоматтандырылған телефон стансасы 145телефон нүктесімен халыққа қызмет көрсетуде.
Округ бойынша барлық зейнеткерлер саны -158, еңбек жасындағы мүгедектер саны - 34, «Алтын» алқалы аналар саны - 20, «Күміс» алқалылар саны-19 адамды құрап отыр. Ауылдық округ бойынша 6 тыл ардагерлері тұрады.
Билік тарапынан қолдау бар
Қарашеңгел ауылдық округі бойынша 53 шағын және орта бизнес субъектілері бар. Оның ішінде, 2 заңды тұлға, 15 шаруа қожалығы, 1 кооператив, 35 жеке кәсіпкерлерден тұрады. Белсенді кәсіпкерлер бүгінгі таңда 100 пайызды құрайды.
2021 жылы «Бастау-Бизнес» (Стартап) грант бойынша 14 адам өз бизнес жобаларын ұсынып 583,4 мың теңгеден, барлығы 8,2 миллион теңге грант жеңіп алса, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап, Қызылорда қаласының «Атамекен Ұлттық кәсіпкерлік палатасы арқылы «Бастау-Бизнес» жобасы Еңбек сайтына тіркеліп, оқу шарттарына сәйкес кәсіпкерлік негізде оқытуға 15 азамат тіркеліп, жоба басталуын күтуде.
Қарапайым заттар экономикасы аясында «Жалаңтөс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 48,0 миллион теңге (тыңайтқыш, жанар-жағар май) несие алып жұмыстарын ілгері жүргізуде.
Жұмыспен қамту бойынша 2022 жылдың ІІ тоқсанына 3 отбасының 21 мүшесіне 353526 теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Сол жылы қоғамдық жұмысқа -25 адам жұмысқа қабылданды және Жалаңтөс батыр ауылы және Үйрек елді мекеніне орамішілік газ құбырының құрылысына мердігер «РемСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жұмыссыздар есебінде тіркеуде тұрған 15 азамат жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, қосымша мемлекеттік мекемелерден өтінім www.enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы субсидияланатын жұмыс орындарына өтінім тапсырылып, жұмыстар жүргізілді. Ауыл көлеміндегі мекемелерге жастар тәжірибесі бойынша 4 жас маман жұмысқа қабылданды.
Ауыл шаруашылығында да ілгерілеушілік байқалады. Округ бойынша 1517 бас мүйізді ірі қара, 4346 бас уақ мал, 1549 бас жылқы, 78 бас түйе бар. «Жалаңтөс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қият», «Қыдыр», «Өркен», «Рауан», «Дін-Нұр», «Қуан-Ата», «Жалаңтөс батыр», «Ұлан», «Сая», «Салмаев Ш», шаруа қожалықтары ауылшаруашылығымен айналысып, 113 адам маусымдық жұмыспен қамтылды.
Мал шаруашылығымен айналысып отырған жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы жылдың 1 ақпан-31 мамыр аралығында «Ауыл шаруашылығы бірдейлендіру» дерекқор жүйесінде бұрын тіркелмеген ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу үшін «Жасыл дәліз - 3» бағдарламасы арқылы – 258 бас мал тіркелді.
Шаруашылықтың құрылу тарихы
«Бірлестік» колхозы болып 1929 жылы құрылған. 1931-1934 жылдары «Қызылой» колхозы болып аталып жұмыс жүргізген. 1934-1939 жылдары «Қызылту» колхозы болып қайта құрылды. 1973 – 1997 жж күріш өсіретін «Қызылту» кеңшарының орталығы болған.1974 жылы «Қызылту» совхозы болып құрылып, 1993 жылға дейін шаруашылық осы атаумен аталып 1993 жылдан бастап шаруашылық «Жалаңтөс батыр» атындағы шаруашылық болып аталды.
Шаруашылық құрылымы 1996-1999 жылдары «Жалаңтөс батыр» серіктестігі;
1999-2003 жылдары «Жалаңтөс батыр» ашық акционерлік қоғамы; 2003 жылдан осы кезге дейін «Жалаңтөс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып жұмыс жасауда.
«Жалаңтөс батыр» ЖШС, «Қият», «Қыдыр», «Өркен», «Рауан», «Дін-Нұр», «Қуан-Ата», «Жалаңтөс батыр», «Ұлан», «Сая», «Салмаев Ш», шаруа қожалықтары ауыл шаруашылығымен айналысып, 113 адамды жұмыспен қамтып отыр. Негізгі жұмысы егін кәсібімен айналысады.
1929-1931 жылдары аралығында, Таңқаманов Дүйсеке; 1931-1934 жылдары «Қызылой» колхозын Ерімбетов Бұғанай; 1934-1939 жылдары «Қызылту» колхозын Оразбаев Алтай; 1939-1956 жылдары «Қызылту» колхозын Пірімов Қашақбай; 1956-1957 жылдары «Қызылту» колхозын Бисенов Толыбай; 1957-1961 жылдары «Қызылту» колхозын Ақбаев Жетербай; 1961- 1971 жылдары «Қызылту» колхозын Тілеубаев Әбдіраман; 1971- 1974 жылдары «Қызылту» совхозын Піржанов Қазанбай; 1974-1986 жылдары «Қызылту» совхозын Суханов Жолан; 1986- 1993 жылдары «Қызылту» совхозын Қожаназаров Нұрлан; 1993-1994 жылдары «Жалаңтөс батыр» шаруашылығы Жәнібеков Ертуған; 1994 - 1995 жылдары «Жалаңтөс батыр» шаруашылығы Қырғызбаев Оразтай; 1995-1996 жылдары «Жалаңтөс батыр» шаруашылығы Нәбиев Бигелді басқарған; 1996-1999 жылдары «Жалаңтөс батыр» серіктестігі Әлімбай Қасқырбай; 1999 – 2003 жылдары «Жалаңтөс батыр» ашық акционерлік қоғамы Әлімбай Қасқырбай; 2003 – осы кезге дейін «Жалаңтөс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрағасы Әлімбай Қасқырбай, қазіргі таңда атқарушы директор – Сарсенов Абзал Төрахметұлы басқарып келеді.
Жас ұрпақты имандылыққа, тәрбиелікке насихаттау барысында ауылдық округтің бас жоспарына сәйкес ауыл тұрғындары және басқа қалаға қоныс аударған ауыл азаматтарының демеушілігімен салынған мешіт 2014 жылдың қараша айында ашылып пайдалануға берілді. Қазіргі таңда халық игілігі үшін ауыл орталығынан салынған мешіт 100 адамды қабылдауға мүмкіндігі бар.
Білім саласы бір ізге қойылған
Мектептің іргетасы 1930 жылы бастауыш мектеп болып, Қарашеңгел ауылдық советіне қарасты «Үйрек» деген жерде қаланған. Онда 32 оқушы болған. Е.Таңқаманов, Р. Жәлімбетовтер ұстаздық еткен.
1948 жылы «Үйрек» елді мекенінен «Қызылту» ұжымшарына көшірілген.
1957 жылға дейін жеті жылдық, 1972 жылға дейін сегіз жылдық, мектеп болып жұмыс жасаған. Осы аралықта 14 ұстаз жұмыс жасаған.
1973 жылы орта мектеп болып қайта құрылған.
1994 жылы қоғам қайраткері Қашақбай Пірімовтің туғанына 85 жыл толуына байланысты ас беріліп, №103 орта мектепке Қ. Пірімовтің аты берілді.
2009 жылдың тамыз айынан бастап облыстық бюджеттен бөлінген 419,3 мың теңге қаржыға жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілді.
2010 жылы 1 қыркүйек күні ауыл орталығындағы 250 орындық екі қабатты жаңа типтегі мектеп пайдалануға берілді.
Мектептің жалпы алаңы – 27 996,4 шаршы метр, жұмыс алаңы 5 243,4 шаршы метр болды. Жаңа мектеп ғимараты 419 264 557 теңгеге салынды. Мектеп 5 блоктан тұрады. 2012 жылы 2 маусымда Қашақбай Пірімовтің ұрпақтары 3 700 000 теңгеге мектеп ғимараты алдына Қ.Пірімовтың бюстін орнатты. 2012 жылы тамыз айында орнатылған бюсттің айналасына 280 шаршы метр брусчатка 1 400 000 теңгеге төсеп берді. Қ.Пірімов атындағы тарихи-өлкетану мұражайы ашылды.
2012 жылдың желтоқсан айында «Қазалы Тұлпары» жааупкершілігі шектеулі серіктестігі мектеп жанынан жасанды футбол алаңын 4 689 268 теңгеге орнатып, пайдалануға берді.
Мектеп жанынан ашылған «Алақай» шағын орталығы жұмыс жасайды. Шағын орталықта 20 бала тәрбиеленуде, 5 қызметкер бар. 2021-2022 оқу жылында Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектеп бойынша 265 оқушы білім алды.
2021-2022 оқу жылында 11-сынып бітіруші 14 түлектің 13 оқушысы ҰБТ-ға қатысып, орташа балл 78,8 пайызды құрады. 1 оқушы /Төлебай Бағдагүл/ Алтын белгі, 1 оқушы /Оңғарсын Арсен/ Үздік аттестат иеленді.
2021-2022 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиадан екінші орын, 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану пәндері бағыты бойынша юниорлық олимпиадасынан екінші орындар иеленді.
2021-2022 оқу жылында пән мұғалімдері кәсіби байқауларға қатысып, облыстық «Үздік авторлық бағдарлама - 2021» байқауында жүлделі орындармен, және Үздік әдістемелік құрал-2022» байқауында екінші және үшінші орындарға ие болды. Аудандық пән мұғалімдерінің олимпиадасында биология пәні мұғалімі Г.Қожантаева- екінші орын, «Туған елім-тірегім» тақырыбында өткізілген көркем еңбек пәні мұғалімдері көрмесінде көркем еңбек пәні мұғалімі Тұрабай Нұркелді - үшінші орын иеленді.
Басты байлық – денсаулық
Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік саладағы мәселелердің бірі 2014 жылдың тамыз айында 75904,0 мың теңге қаржыға жаңа типтегі Жалаңтөс дәрігерлік амбулатория құрылысы салынып халық игілігіне пайдалануға берілді. Дәрігерлік қызметтің сапасын жақсарту мақсатында, амбулаторияның зертхана,жылумен емдеу, бала қабылдау, науқас қабылдау бөлмелері жаңа құралдармен жабдықталған.
2007 жылы алынған арнайы санитарлық автокөлігі бар. Қазіргі таңда амбулаторияда 21 қызметкер бар. 1 дәрігер, 8 мейіркеш орта буын медицина қызметкері жұмыс жасайды. 2017 жылдан бастап халық санының жетіспеуіне байланысты Басықара дәрігерлік амбулаториясы жабылып, қазіргі таңда «Басықара фельдшерлік-акушер бекеті» болып Жалаңтөс батыр ауылына біріктірілді.
Ауыл ішінен жаңадан салынған жеке тұрғын үйді аудандық ветеринария бөлімі арқылы сатып алынып, ветеринарлық пункт ретінде бейімделіп, құралдармен жабдықталды. Аталған ветеринарлық пунктте ауылдың 3 азаматы округ көлеміндегі ауылшаруашылық малдарына тиісті ветеринариялық жұмыстарын атқаруда. Сонымен бірге ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды үйлестіру мақсатында ауылдық округке «Нива» автокөлігі бөлінген.
Бар жақсы – балаға
Жалаңтөс батыр ауылындағы 90 орындық №14 «Сәуле» бөбекжай балабақшасы.
Жалаңтөс батыр ауылындағы балабақша 1970 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қызылту колхоз еңбеккерлерінің балаларын тәрбиелеуден басталған балабақша жұмысы бүлдіршіндерге саналы тәрбие мен білім беру мақсатында көптеген жетістіктерге қол жеткізген.
Аудандық білім бөлімінің, кәсіподақ ұйымының, ауылдық кеңестің, облыстық кәсіподақ ұйымының мақтау қағаздарына ие болған.
1997 жылға дейін балабақшада 3 топ жұмыс жасады. Бүлдіршіндердің сапалы тәрбие алуына алғашқы қадам болып саналатын балабақшада білікті де білімді мамандар қызмет етті.
Қызылту совхозы кезінде де балабақша өз қызметін тоқтатқан жоқ. №14 «Сәуле» балабақша 2007 жылдан бері жұмыс жасап, ескі ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 3 топта 60 бала тәрбиеленген.
Жалпы құны 264,212 миллион теңге құрайтын балабақша құрылысына 2015 жылы облыстық бюджет қаржысы есебінен 49,5 миллион теңге бөлініп, іргетасы қаланып, 2016 жылы 209 миллион қаржысы бөлініп типтік жобада Жалаңтөс батыр ауылында 90 орындық балабақша құрылысы жүргізілді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының бас мердігері «SСS» Инжиниринг жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, директоры – Аманбаев Нұрлан Нұрасылович. Бас жобалаушы «Ремпроект» ЖШС-гі.Балабақша ауласында трансформатор қондырғысы, дизельді электр станциясы, бу қазандығы және балалар ойын алаңдары орналасқан. Ғимараттың бу қазандығы жылытуға арналған.
Ғимарат 2 қабаттан тұрады. 90 орындық спорт залы, балалар үйірме бөлмесі және асхана, бөлмелері қарастырылған. Жалпы, №14 «Сәуле» бөбекжай балабақшасы 2016 жылдың 1-қыркүйегінде пайдалануға беріліп, 5 топ құрылып, 13 жоғары білімді, 11 арнаулы орта білімді педагог-қызметкерлер және 25 техникалық қызметкер жұмыс жасайды.№14 «Сәуле» бөбекжай балабақшасы МКҚК-ны 2 қабаттан тұрады. Спорт залы, балалар үйірме бөлмесі және асхана, медициналық бөлмелері қарастырылған. Шттатық кестесінде 1 меңгеруші, 1 әдіскер, 1 психолог, 1 дефектолог, 1 логопед, 11 тәрбиеші және 23 техникалық қызметкерлер жұмыс жасайды, барлық педагогтардың арнайы білімі бар. Балабақшада 5 топ жұмыс жасайды, материалдық базасы жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған. Бүлдіршіндердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына барлық мүмкіндіктер жасалған. Тәрбиленушілер жоспар бойынша білім алумен қатар түрлі аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып жүлделі дипломдармен марапатталған. Балабақша Қазалы ауданы әкімінің тазалық мәдениетінің қалыптасуна қосқан үлесі үшін «Үздік мекеме ауласы» дипломымен мараппатталған.
Модельді кітапхана
Жалаңтөс батыр ауылының орталығында кітапхана 1928 жылы колхоздандыру кезінде «Қызыл мүйіс» болып ашылған. Қазіргі таңда ескі әкімшілік ғимаратты 2016 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 6421,0 теңгеге күрделі жөндеу жұмытары жүргізіліп, ауыл әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында орналасқан ауыл кітапханасы көшіп барды. Ә.Тілеубаев көшесі №5 ғимаратта орналасқан, жалпы көлемі 125 шаршы метр, 6 бөлмесінде жұмыс жасауда. 2018 жылы қыркүейек айында электронды ақпараттар қорын қалыптастыратын жаңа «Модельді кітапхана» болып ауыл тұғындарына қызмет көрсетуде. Кітапханаға интернет желісі қосылып, «Рабис» бағдарламасы енгізілген.
Оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі мәдени іс – шаралар өткізіліп, «Рауан» шығармашылық клубы жұмыс атқаруда. Клубтан түрлі өнерлі жастар тәрбиеленіп, өзіндік болашақтарына бағдар алуда. Соның бір дәлелі кітапхананың тұрақты оқырманы, клубтың белсенді мүшесі Хайрулла Динара мектепті «Алтын белгімен» тәмәмдап, қазіргі таңда Әл – Фараби атындағы қазақ ұлттық зерттеу университетінде білім алып жатыр. Жасынан алғыр, білімге зерек оқырманымыз мектеп жасынан түрлі үйірмелерге қатысып, өз талантын жаңа қырларынан аша білді. Түрлі деңгейдегі республикалық, халықаралық жарыстарға белсене қатысып, жүлделі орындармен марапатталды. Жетістіктерінің нәтижесінде үздік оқушылырға арналған «Сыр үміттері», «Біздің мақтаныштарымыз» атты энциклопедияларға енген. 2018 жылы «Жас патриот» төс белгісі тағылып, «Елжанды патриоттар» академиясының қатарына қосылды. Қазіргі таңда өз университетінің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысып, тағы да түрлі сайыстарда сыналып, ауыл атын биікке көтеріп жүр.
Оқу залы «Қазақстаным - қара шаңырағым», «Тіл ұлттың байлығы», «Туған өлке тұнған шежіре», «Мәдени мұра мәңгілік», «Балдаурен балалық» атты 5 тұрақты көрмемен жабдықталған. Кітапхана ұжымы ауыл әкімшілігі, мұғалімдер, мектеп оқушылары, ауыл жастары, зейнеткерлер, ауылдық клуб қызметкерлерімен бірігіп жұмыс жасайды. 1 штат бірлікте кітапханашы, 1 үй сыпырушы, 2 қарауыл жұмыс атқарады.
Жылыжай. 2015 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасында Жергілікті өзін-өзі басқарудағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) грантына қатысып, №103 Қ.Пірімов атындағы орта мектебі жанынан жылыжай салуға жоба ұсынылып құны 3300,0 мың теңгеге жылыжай салынып, пайдалануға берілді.
Батырларға құрмет: «Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласы орнатылды
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға жергілікті бюджеттен 2015 жылға 3533,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде: 2855,0 мың теңгеге «Жалаңтөс батыр» саябағынан «Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай «Жеңіс жұлдызы» ескерткіш стелласы» орнатылды.
2016 жылы Жалаңтөс батыр бабамыздың туғанына 440 жыл толуына орай аудандық бюджеттен бөлінген 70,5 миллион теңге қаржыға Жалаңтөс батыр ауылындағы ескі клуб, балабақша, шаруашылық қоймасының орнына Жалаңтөс батыр ауылына баттандыру мақсатында көшеге түнгі жарық шамдар, орталық алаң, шағын демалыс орындары, балалар ойын және спорттық тренажер алаңдарын орналастырылды.
«Қарашеңгел ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі ғимараттың екі бөлмесіне грек-рим күресіне оқу-жаттығу сабағына пайдалану үшін №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебіне сенімгерлік басқаруға беріліп, 65 бала оқу-жаттығуға қатысуда.
Ауыл мәдениетін дамытқан клуб
Ауылдық клуб 1964 жылдан типтік жобада салынып жұмыс атқарып келеді. 2017 жылы ауылымызда сметалық құны 194605040 теңге құрайтын 150 орындық «Жалаңтөс батыр» ауылдық клуб салынды.
Клуб ауласында трансформатор қондырғысы, дизельді электр станциясы, бу қазандығы, автотұрақ орналасқан. Ғимараттың бу қазандығы жылытуға арналған. Ғимараттың ауданы 680 шаршы метрді құрайды. Құрылыс алаңы 6000 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 2 қабаттан тұрады. 150 орындық көрермендер залы, үйірме бөлмелері, кітап сақтау бөлмесі, оқырмандар залы, гардероб қарастырылған.
Қазіргі таңда «Жалаңтөс батыр ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2017 жылдың қазан айында ашылып, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда кәсіпорында 10 штат бойынша 9 қызметкер (2 маусымдық жұмысшы) жұмыс істейді.
Жалаңтөс батыр ауылдық клубында барлығы 6 үйірме жұмыс жасаса, оларға 60 қатысушы тартылған. Оның ішінде, үйірмелерді жанрға бөлетін болсақ ән үйірмесі-1/қатысушы мүше-12/, домбыра үйірмесі-1 /қатысушы мүше-9/, қобыз үйірмесі-1/қатысушы мүше-8/, би үйірмесі-1/қатысушы мүше-14/, драма үйірмесі-1/қатысушы мүше-10/. 60 қатысушы болса,4 балалар үйірмесінде 39 өнерпаз, 1жастар үйірмесіне 10 өнерпаз, 5 балалар мен жасөсіпірімдер үйірмесіне 51 өнерпаз қатысушы қамтылған.
Жыл көлемінде үйірме мүшелері 28 түрлі байқауларға /1 халықаралық, 5 республикалық, 4 облыстық/, 17 аудандық байқауға барлығы 48 өнерпаз қатысып, 2 Бас жүлде /1 аудандық, 1 республикалық/, 8- бірінші орын /1 халықаралық, 4 республикалық, 3 аудандық/, 4- екінші орын /облыстық-2,аудандық-2/, 3- орын /облыстық-1, аудандық-2/, 2 номинация /аудандық-2/, 6 диплом /аудандық-5, облыстық-1,/ 5 жолдама /халықаралық-1, аудандық-4/, иегерлері атанды.
Өткен жылдың байқау көрсеткіштерді айтар болсақ, Бейбіт Рахымжан 2006 жылы дүниеге келген. №103 орта мектебінің оқушысы, 2015 жылдан бастап клуб жанынан құрылған көркемөнерпаздар үйірмесіндегі ән және домбыра үйірмесіне қатысып келеді. Нәтижесінде Астана қаласында «Жұлдыз болғың келсе» атты Республикалық дарынды балалар және жасөспірімдер байқауына қатысып, «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша бірінші орынмен, «Көркем сөз» номинациясы бойынша бірінші орынмен «Дарын» өнер және білім атты балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген байқауда домбыра жанры бойынша екінші орынмен, Жас таланттарды шығару, қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі облыстық ХХІІ «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсында көркемсөз жанры бойынша үшінші орын, «Қазағымның бұлбұлы» атты республикалық балалар мен ересектер арасында байқауында қол өнер номинациясы бойынша І дәрежелі лауреат атағын алды.