Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифингте аудан басшысы 2023 жылдың І жартыжылдығына Қазалы ауданында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталып, бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. 

«Жер кезегінде тұрған тұрғындар санының жыл өткен сайын көбейгенін айтқан аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы инженерлік-инфрақұрылымды дамыту мәселесін басты назарға алып отырғанын жеткізді. Тұрғын үй кезектілігін азайту мақсатында биыл Ғ.Мұратбаев ауылынан жаңадан ашылған аймақта салынатын тұрғын үйлерді ауыз су, газ және электрмен жабдықтау үшін 310,483 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізуге 109,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен бөлінген 32,1 млн. теңгеге аудан орталығынан көлемі 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, тиісті орталық атқарушы органдарға қаржыландыруға ұсынылды. Қазалы ауданынан Ресей, Белоруссия, Дания, Германия, Тәжікстан, Қытай, Нидерланды елдеріне 3539 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортқа шығарылды. Атап айтсақ, 2421 тн күріш, 557 тн балық, 561 тн қамыс экспортталды. Биылдың өзінде аудан орталығы – Әйтеке би кентінің 14 көшесі асфальтталатын болады. Ол қатарда Қазыбек би, Әуезов, Алтынсарин, Счастнов, Асан қайғы, Нұртуған жырау, Әл-Фараби, Әубәкіров, Жангелдин, Жанаділов, Нұрбай би, Сансызбаев, Құлтасбекова, Жалдыбай жырау, М.Шоқай, С.Сейфуллин көшелері бар. Бұдан бөлек, 24 көшеге қиыршық тас төселіп жатыр. Сонымен қатар өндірістік аймаққа (КРЭК) кіреберіс жолы ағымдағы жөндеуден өтеді. Биыл Қазалы қаласының 15 көшесін қайта жаңғыртуға 851,9 млн.теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, Түркебаев, Булекбаев, Булекбаев2, Жакеев, Жанұзақов1, Жанұзақов2, Қазалы1, Қазалы2, Қодасов, Қосаев, Құлахметов, Құлқашов, Мергенбева, Мұратбаев, Өтепбергенова және Сәтпаев көшелері» деді Қазалы ауданының әкімі.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен биыл аудандағы Жанқожа батыр атындағы №70, Ж.Жабаев атындағы №234 жәнеЕ.Бозғұлов атындағы №249 мектептерге балалар тасымалы үшін заманауи үлгідегі 3 автобус берілді. 
Жыл басынан бері Қазалы ауданында 2 634 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Есепті кезеңде 2 158 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 81,9 пайызға орындалды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындары – 537, 48,0 пайызды, уақытша жұмыс орындары – 1 621, 107,0 пайызды құрап отыр. 

«Қазір аудан халқының 29,9 пайызы – жастар. Бүгінгі күнге дейін ерікті жастардың қатысуымен барлығы 300-ден аса іс-шаралар өткізілді. Ал оған 8000 мыңнан астам жастар қатыстырылды. Соның ішінде жыл сайын дәстүрге айналған «Жаңа дәуір – Жаңа Қазақстан» тақырыбында жастар фестивалі айтсақ болады. Жеңімпаздар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің оқу гранты және оқу ақысына 50, 25% жеңілдікпен оқитын сертификатын иеленді. Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және олардың ұсыныстарына құлақ түру мақсатында «Жастар керуені» жобасы тұрақты өтіп келеді. Жоба аясында ауылдық елді мекендерде түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіліп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда Бозкөл, Абай, Кәукей ауылдарынан дәрігерлік амбулаторияның құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Аудан орталығынан 25 төсектік инфекциялық корпус құрылысының жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. 
Сонымен қатар, Әйтеке би кентіндегі бұрыңғы емхана (қазіргі Жетес би дәрігерлік амбулаториясы) және Ұлттық сараптама орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының Қазалы аудандық бөлімшесі ғимараттарына (СЭС лаборотория) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде» деп жеткізді Мұхтар Оразбаев брифингте.

 Қазалы ауданында бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысатындар саны – 38 пайызға жетті. Спорт түрлері бойынша жерлестеріміз Әлем чемпионаттарында 1 күміс, Азия чемпионатында 4 алтын, 6 күміс медаль жеңіп алса, Халықаралық турнирлерде 3 алтын, 6 күміс, 8 қола медальды қоржынға салды. Сонымен қатар, спортшыларымыз ҚР-ның чемпионаттарына, халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарға қатысып 18 алтын, 26 күміс, 31 қола медальға қол жеткізді.

Биыл Ү.Түктібаев ауылындағы спорт кешені биыл пайдалануға берілді. Сол секілді Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Жалаңтөс батыр, Бекарыстан би және Ғ.Мұратбаев ауылдарынан да спорт кешендерін салу жоспарланып отыр.Жанқожа батыр, Майдакөл, Бекарыстан би, Қ.Пірімов, Басықара, Ақсуат, Жанкент ауылдарындағы спорт алаңдары биыл жөндеуден өткізілді.

Жыл басынан бері ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы 576 іс-шара өткізілді.Осы жылы Әйтеке би кентінде 600 орындық мәдениет Үйі және Кәукей ауылынан 100 орындық клуб пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Бірлік, Майдакөл, Шәкен ауылдарынан 100 орындық клуб құрылысын салу үшін тиісті құжаттары әзірленді.

Тағы да оқыңыз: