Kyzylorda-news.kz. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ТЖМ "Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде 10 ақпанда сағат 14:24-те жер сілкінісі тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 шақырым жерде Ресей аумағында, Қазақстан шекарасынан 30 шақырым жерде орналасқан. Риддерде 2 балл деңгейінде сезілді.
"Зардап шеккендер мен қираған нысандартуралы ақпарат болған жоқ. ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізеді", - делінген министрлік хабарламасында.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге салынбауға кеңес береді.