Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Ақпараттық даму министрлігінің хабарлауынша, 18 қаңтар, 2023 жыл, сағат 03:00-17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желі сервистері жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осы уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

«Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», – делінген хабарламада. 

Тағы да оқыңыз: