Kyzylorda-news.kz  Қазақстанда шілде айына арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, шілде айы маусым айына қарағанда салқынырақ болмақ.

"Шілде айында еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, кей күндері батыс және оңтүстік аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Ыстық ауа райы салқын ауа райынмен алмасады", – делінген хабарламада.

Еліміздің батыс және оңтүстік аймақтарында ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін, кей күндері +40...+45 градусқа дейін көтеріледі деп болжанған. Ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы +25...+38 градус аралығында болады.

Синоптиктер құрғақшылық қаупі төнген аумақтардың ауданы ұлғайып келе жатқанын атап өтті.

Саиров құрғақшылық болады деп болжанатын аймақтарды атады. Олардың ішінде:

- Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандары;

- Ақтөбе облысының Әйтекеби, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандары;

- Қарағанды ​​облысының Шет ауданы;

- Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандары;

- Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандары;

- Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Т.Рысқұлов аудандары;

- Түркістан облысының Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар және Бәйдібек аудандары;

- Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары;

- Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақиян аудандары;

- Атырау облысы аумағының басым бөлігі.

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахань аудандарында және Степногорск қаласында шілдеде орташа ылғалдылық болады.

Тамыз айында республиканың басым бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормаға жуық болады деп болжанды.

Тамыздағы жауын-шашын мөлшері де нормаға жақын.

Тағы да оқыңыз: