Kyzylorda-news.kz 29 қазан – Кәсіпкерлер күніне орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында шағын және орта бизнесті дамыту, оның ішінде ұлттық қолөнер мен креативті индустрия өкілдерінің жетістіктеріне арналған брифинг өтті. Жиында жергілікті кәсіпкерлердің тәжірибесі, мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен заманауи сән бағытындағы жаңа бастамалар сөз болды.

Брифингте спикер ретінде сөз алған «Qoloner Brand» ательесі мен шеберханасының негізін қалаушы Жазира Рамазан өз кәсібінің даму жолы мен авторлық идеяларымен бөлісті.

«Кәсіп жолымды 2014 жылы үйден бастап, табанды еңбектің арқасында 2020 жылы жеке шеберханамды аштым. Бүгінде ұлттық нақыштағы киімдер тігіп, 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырмын. Мен үшін бұл – жай ғана киім тігу емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүр мен заманауи сәнді үйлестіру. Өз ісімді бастарда мемлекеттік гранттардың да септігі тиді. Қазіргі дамыған заманда ізденген адамға ақпарат та, қолдау да жеткілікті, сондықтан кәсіп ашудан қорықпау керек», – деді Жазира Рамазан.

Сондай-ақ брифингте креативті бизнес саласында отандық өнімді брендке айналдыру және авторлық дизайн арқылы ұлттық стильді кеңінен таныту мәселелері айтылды. Спикердің сөзінше, заманауи технологиялар мен дәстүрлі ою-өрнекті шебер үйлестіру арқылы сұранысқа ие отандық өнім қалыптастыруға толық мүмкіндік бар.

Брифинг в Казахстане отмечают День предпринимателей.jpg

Тағы да оқыңыз: