Kyzylorda-news.kz Қазақстанда балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжат тапсырудың жаңа ережелері мен мерзімдері бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстанда Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің бірлескен бұйрығына сәйкес, балаларды 1-сыныпқа қабылдау және құжат тапсыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Қабылдау мерзімі 2026 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін жалғасады.

Осыған сәйкес өңірлер бойынша құжат қабылдау кестесі келесідей:

  • 27 мамыр – 31 тамыз: Астана, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстары;
  • 10 маусым – 31 тамыз: Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары;
  • 18 маусым – 31 тамыз: Шымкент, Алматы облысы, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары;
  • 29 маусым – 31 тамыз: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облысы.

Бұл ережелер бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқуға қабылдау тәртібіне қатысты.

“Мектепте бастауыш білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын ұйымдағы мектепке дейінгі дайындық бағдарламасын аяқтаған және сол мектепте оқуды жалғастырғысы келетін балалар ата-анасының өтініші негізінде бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады. Сонымен қатар егер электронды түрде қызметке бір мезетте түсетін өтініштер саны рұқсат етілген шектен асып кетсе, жаңа өтініш берушілер автоматты түрде "Күту бөлмесіне" жіберіледі. Онда олар өз кезегін бақылап отыра алады”, – делінген құжатта.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: