Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың саны 20 миллионға жеткенін хабарлап, ақжолтай жаңалыққа құтты болсын айтты.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», - деп жазды Президент Twitter-де.

Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды.

Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. 3 ұл және 2 қыз.

 

Тағы да оқыңыз: