Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданында жазғы суға шомылу кезеңіндегі балалардың қауіпсіздігі, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу профилактикасы және кәмелетке толмағандар жасайтын құқық бұзушылықтардың алдын алуға орай тұрғындармен көшпелі кездесу өтті. Ең әуелі ауданға қарасты Аққыр ауылдық округінен бастау алған жиын Жаңаталап, Мақпалкөл, Мәдениет, Қаракеткен, М.Шәменов елді мекендерінде жалғасын тауып, ауыл тұрғындарына кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесудің күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алғашқы мәселе жаз мезгілінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану, кәмелетке толмағандармен орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстар бойынша тиісті ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторлары баяндама жасады. Келесі мәселеде жаз айларындағы суға шомылу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімі маманының, жазғы демалысқа шыққан жасөспірімдер мен балалардың тәрбиесі, бос уақытының тиімді ұйымдастырылуы бойынша мектеп директорларының және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу профилактикасы бойынша аудандық қоғамдық даму бөлімінің қызметкері Арыстанбек Байқабыловтың хабарламалары тыңдалды. 

Жиын аудан орталығындағы Руханият орталығында жалғасты. Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Мәулен Өсер, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркін Назарқұлов, аудандық білім бөлімінің бас маманы Р.Ідірісов баяндама жасады. Жиын барысында аталған мәселелер кеңінен талқыланып, кент тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Тағы да оқыңыз: