Kyzylorda-news.kz Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары: 2022 жылы – Ұлытауда,  2023 жылы – Түркістанда,  2024 жылы – Атырауда өтті.

Фото: Ақорда

Тағы да оқыңыз: