Kyzylorda-news.kz Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәжiлiс залында медицина қызметкерлері арасында интернет алаяқтық, пирамида, қаржылық сауаттылық тақырыбында семинар өттi. 

Аймақтың бас дәрігері Әбілпатта Алмас Әбдіғаппарұлының төрағалығымен өткен жиында денсаулық сақтау саласының қызметкерлерiне Қызылорда облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Оралбаева Майра Тұрлыбекқызы қазіргі қоғам үшін өзекті мәселелер бойынша түсiндiрiп, кеңес бердi.

Атап айтар болсақ, семинар барысында интернет алаяқтықтың кең тараған түрлері, қаржы пирамидаларының негізгі белгілері, күмәнді қаржылық ұсыныстарды қалай ажыратуға болатыны және алаяқтық жағдайына тап болған кезде қандай әрекет жасау керектігі жөнінде пайдалы ақпараттар айтылды. 

Тағы да оқыңыз: