Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы өткен жылы қарызға белшеден батып, үмітін үзгендерге нақты қолдау көрсету үшін «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асырды. Бұл тың бастама барлық аймақтардағы азаматтар мен Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, биыл еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асуда.

Жоба бастау алған ақпан айынан бері Сыр өңірінде 1400 азамат 5 күндік оқу курстарынан өтіп, қаржылық сауаттылығын арттырды.

Бүгін жобаны іске асыру бойынша құрылған жобалық топ мүшелері бас қосып, жұмысты жетілдіру мен алдағы міндеттерді пысықтады.

«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын үнемі жетілдіріп келеді. Атап айтқанда, биыл жобаны жүзеге асыруға 9 коммерциялық банк пен 11 мемлекеттік орган қатысуда. Жобаға қатысуға ниет білдірушілерге ыңғайлы болу үшін qogamfin.kz. онлайн-платформасы әзірленді. Сайт арқылы оқыту курсына жазылып, пайдалы материалдар мен бейне сабақтарды жүктеп алуға болады. Онан бөлек, оқудан өткен азаматтар жеке кәсібін бастау үшін қайтарымды грант пен лизингке құрал-жабдық сатып алуға жағдай жасалмақ. Бұл бастама аясында жыл соңына дейін еліміз бойынша 3500 азаматты қамту жоспарланып отыр.

Басқосуда партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Атқарушы хатшының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, жобаның облыстағы менеджері Наталья Мишукова, қаржылық сарапшы, тренер Балдырған Мамен сөз алып, жоба тиімділігін арттыру бағытында ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

420319512_826433502855621_3859663086992736434_n.jpg

Тағы да оқыңыз: