Фото: Polisia.kz

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық өзінің бүйрегін 18 мың АҚШ долларына сатпақ болған деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі  Polisia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық өз ағзасын 18 мың АҚШ долларына бағалап, кездейсоқ сатып алушыға интернет арқылы сатуға тырысқан. Автордың жазбасына Ақмола облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері назар аударып, донормен байланысқа шықты. Бірнеше апта бойы полицейлер арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде трансплантация жасау және ақша беру кезінде күдікті ұсталды. 

Алғашқы тергеу әрекеттері аясында полицейлер ер адамның Ақтөбе қаласының тумасы, бірақ Елордада тұратынын анықтады. Күдікті мұндай қадамға баруының себебін ойынға тәуелділіктен жиналған көлемді қаражатты табу үшін барғанын айтқан. Бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Тағы да оқыңыз: