Kyzylorda-news.kz. Қармақшы ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша құрылған мобильдік топ жұмысы жалғасуда.
Аудан бойынша білім бөліміне қарасты Байқоңыр қаласындағы №273 орта мектебінде және Жосалы кенті орталығындағы О.Шораяқұлы атындағы №30 мектеп білім алушыларына құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау, ата-аналардың шығармашылыққа, балалармен бірлескен жұмыстарға қатысуына ықпал ету, отбасылық тәрбиелеудің маңыздылығына қоғамның назарын аудару мақсатында Қармақшы ауданы әкімі жанынан құрылған мобильдік топтың қатысуымен кездесу өткізілді. Сондай-ақ, кездесу барысында №273 мектеп базасында өткізіліп жатқан "Ашық есік күні" семинарының куәсі болды.
Іс-шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық алқа би төрағасы Қаршыға Есдәулетұлы Есдәулетов, аудандық алқа би мүшесі Есет Назарқұлов,аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Әбен Қаракөзиев, аудандық білім бөлімінің қызметкері Ақтолқын Каналбекқызы Тоқшылықова қатысты. Сонымен қатар іс-шараға «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» дәрігер Қарасай Ердешұлы Нуров, Байқоңыр қаласының құрметті ардагері, ақын Қуандық Құдайбергенұлы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Байқоңыр кешеніндегі Өкілдігінің бастығының орынбасары Сейлбек Алиев, спорт мектебінің тренері, Қазақстан Республикасының спорт шебері Бекмұрат Булекбаев, ата-ана комитетінің мүшесі Байғабыл Карибаев шақырылды.
Қатысушылар «Рухы күшті, өресі биік ұрпақ – ел болашағы» атты мектеп спортшыларының шеруін, «Бір ел – бір кітап» квест ойынын тамашалады. Арнайы педагог А.Сейлованың бейімделген бағдарлама бойынша кіріктірілген «Мәтін.Теңге» сабағына кірді. Сонымен қатар «Отбасы – бақыт мекенім» ата-аналарға арналған тренингке қатысып, «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылыққа ата-ана кінәлі ме?» пікірталасын көрді. «Ашық есік күні» іс-шарасы «Шәкірт жетістігі –мұғалім мәртебесі» көрмесіне, мектеп асханасына, «Абай мұражайына» саяхат жасаумен жалғасты. Қонақтар мен ата-аналар «Жас талант» театр үйірмесінің «Нарком Жүргенов» қойылымына жоғары баға берді. «Ашық есік күнін» қорытындылаған «Бала үшін Әке деген ұлы адам» ток-шоуы қатысушылардың көңілінен шықты.
Қармақшыда түнгі рейд жұмыстары жүргізілуде
Қармақшы ауданында жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Біржан Далабайұлы, ардагерлер мен аудандық маслихат депутаттарының және тиісті сала басшыларының қатысуымен түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында кафелер, дүкендер, компьютерлік клубтар, аллеялар және көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қараңғы қуыс көшелер араланып, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын сауық орталықтарында жүруге тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.

Профилактикалық жұмыстар жүргізілді
Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес аудан көлемінде жасөспірімдер арасында топтық төбелестің, құқық бұзушылықтың, әлімжеттіктің, буллингтің алдын алу мақсатында «Бала тәрбиесі – ұлт келешегінің кепілі» тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты №26, №27, №30, №105, №273 мектептерде өткен тәрбиелік іс-шараларға Қармақшы аудандық прокуратураның прокуроры, Қармақшы аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудан ардагерлері мен аудандық мәслихат депутаттары, аудандық алқа билерінің жетекшісі, қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері және ата-аналар қатысты.
Кездесулерде баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі, жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беру ісі туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, жастар арасындағы топтық төбелестер мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ата-аналарға кәмелетке толмаған балалардың сағат 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз жүрмеуін қадағалауды және бала тәрбиесініе айрықша көңіл бөлу керектігі ескертілді.

Терроризмге қарсы оқу-тактикалық жаттығу өткізілді
Бүгін Қармақшы ауданы, Жосалы кенті әкімі аппараты ғимаратының аумағында терроризмге қарсы оқу-тактикалық жаттығу өткізілді.
Осыған орай, Қорқыт ата көшесі бойында орналасқан Жосалы кенті әкімі аппараты ғимаратының аумағында (Орталық алаң аумағы, Қорқыт ата мен Абай және Т.Рұсқұлов пен Абай көшелерінің қиылысы) қоршап алу шаралары қабылданып, тұрғындардың еркін қозғалысына шектеу қойылды.
«Сондықтан, оқу-жаттығу өтіп жатқан аумақта сабырлық сақтап, түсіністікпен қарау қажеттігін және шектеу аумағына оқу-жаттығу уақытында кіруге тыйым салынатындығын ескертеміз» дейді Қармақшы аудандық терроризмге қарсы жедел штаб қызметі.

