Kyzylorda-news.kz. Сейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес «Мәдениет және спорт ұйымдарына тартылған балалар мен жасөспірімдермен атқарылған жұмыстар туралы» аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дәурен Ержановтың, «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу туралы» аудандық аурухананың психологының, «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанының өңірлік іс-шаралар жоспары аясында үстіміздегі жылдың 1-12 маусым аралығында өткізілген жұмыстардың қорытындысы туралы» аудандық білім бөлімі басшысы Гүлзира Абдазиеваның баяндамалары тыңдалды.
Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев комиссия мүшелерінің қозғалған мәселелер жайлы ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алда атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.