Kyzylorda-news.kz. Жазудың қоғамдағы рөлі маңызды. Себебі жиған-терген ақпаратыңды өңдеп, оны ұтымды да өтімді етудің  жолында көзіңді ұйқыдан қағып, ойыңды жүйелеп, қоғамдағы болып жатқан түрлі жаңалықты дұрыс сараптау кез келген жанның қолынан келе бермесі анық. 

Журналист болу жылт етіп, теледидар мен газет-журнал бетінен көрініп, атағыңды айға асыру емес, ол – жүрек тебіренісінің мидағы ақылмен бірлесе шыққан ойы, сол ойдың көпшіліктің қамын жеп, «қалай етсем елге жақсы, жағымды ақпарат жеткіземін, елдің қамын қалай күйттеймін» деген жанашырлық пен жанұшырудың жемісі.  

Сейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесіне арналған іс-шара өтті.

Жиында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жұлдызхан Байназарұлы ақпарат айдынына жүрген журналистерді төл мерекесімен құттықтапды. Шығармашылық  иелеріне табыс тілеп, ізгі лебізін жеткізді.  Сондай-ақ, журналистика саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардагер «Қармақшы таңы» газетінің редакторы қызметін ұзақ жыл атқарған Алтай Үсенов, фотограф Нарша Алдабергенов, Қазбек Тайбағаровтарға сый-сияпат жасап, осы салада табысты еңбек етіп жүрген бірқатар қаламгерлерге алғыс хат табыстады.

Мерекелік жиын барысында ардагер Алтай Үсенов, «Сыр дидары» газетінің тілшісі Қуаныш Төреев, «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева, «Бәйтерек» газетінің редакторы Жанат Құлтанова құттықтау сөз сөйлеп, өз ризашылықтарын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: