Kyzylorda-news.kz Бүгінгі күні мемлекет тарапынан ауылды дамыту, сонымен бірге ондағы тыныс-тіршілікті кеңейту мақсатында көптеген мүмкіндіктер берілген. Айдынды Арал өлкесінің төскейіндегі ауылдарының тіршілігі де уақыт санап дамып келеді. Оның ішінде ауылдағы құрылыс нысандары мен кәсіпкерлік саласы, сондай-ақ егін және мал шаруашылығы да қалыс қалған емес. Ендеше бүгінгі тақырыбымызға арқау болып отырған Атанши ауылдық округінің тіршілігі жөнінде айтпақпыз. Жалпы ауылдық округтің тіршілігі қалай жүріп жатыр? Ондағы мал шаруашылығыныңдаму қарқыны қалай? Міне, осы сынды сауалдардың жауабын іздемекпіз.

Атанши ауылдық округінің орталығы Жіңішкеқұм елді мекенінде жалпы халық саны – 436 . Сонымен бірге жер көлемі 8147 гектар болса, 80 жеке қожалық бар. №218 білім ордасында 121 оқушы білім алып еледі. Атаулы мектеп 2018 жылы 10 миллион теңгеге қайта жөндеуден өткен. Сонымен бірге ауылдық округте әкімшілік ғимараты, медициналық пункт, мәдени клуб пен кітапхана, балабақша мен тұрғындарға қызмет көрсететін сауда орталықтары жұмыс істейді.

1976 жылы бой көтерген ауылдық округ бүгінгі күні әр сала бойынша біршама дамыған. Округ мал азығын дайындауда аудан көлемінде 20 пайызын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар 10 трактор, 10 жүк көлігі, 45 жеңіл жеке көлік және 1 жедел жәрдем көлігі бар.
Ауылдық округтың жыл санап экономикалық жағдайы да жақсарып келеді. Өткен жылы «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 4 адам онлайн түрде оқу курсынан өтті. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2 адам грант ұтып алып, 21 бас қой өсіріп келеді. Сондай-ақ қоғамдық баня ашып, кәсібін әрі қарай дамытуда.
Ауылдық округте 2022 жылы 98 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ 80 отбасы үй телефоны және ұялы байланыспен қамтылған. Атаулы окуругтың негізгі бағыты мал шаруашылығы. Иә, қай ауыл болмасын, ондағы тұрғындардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысатыны белгілі.

Атаулы ауылдық округте электр энергиясымен 5 миллион ауыл ішілік жарықтандыру толық қамтамасыз етілген. Тұрғындарға 2,5 миллион теңгеге ауыз шахтылы құдық, мал суару бағытында 17 миллион теңгеге қазылған. Қарқынды дамып келе жатқан ауылдық округте 8 шаруа қожалығы мен 11 дара кәсіпкер бар. 

Байқағанымыздай, ауылдық округке мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндік те, мал шаруашылығын дамытуға арналған көмек те жетерлік. Қазіргі күні күн санап көкжиегі кеңейіп келе жатқан ауылдық округтің жағдайы біршама деңгейге көтерілген. Алдағы уақытта да әрі қарай дамып, мал шаруашылығы бойынша ел экономикасын дамытары сөзсіз.

Тағы да оқыңыз: