Kyzylorda-news.kz Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және су ресурстарын тиімді пайдалану бағытында бірқатар тәжірибелік жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, «Бала би-2004» өндірістік кооперативінің егіс алқабында 2 гектар жерге сорго (құмай) дақылы тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы егілді.

Тәжірибелік алқапта дақылдың жергілікті климаттық жағдайға бейімделуі, суару технологиясының тиімділігі, өсіп-даму ерекшеліктері мен өнімділік көрсеткіштері бақылауға алынды.

Қант құмайы – қуаңшылыққа салыстырмалы түрде төзімді, су қажеттілігі төмен және жемшөптік маңызы жоғары дақылдардың бірі. 

Осыған байланысты оны су тапшылығы жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандырудың перспективалы бағыттарының бірі ретінде қарастыруға болады.

Жүргізілген тәжірибенің нәтижесі оң болған жағдайда, келесі жылы қант құмайы егісінің көлемін ұлғайту жоспарланып, тұқым қорын қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар ауданның егіс құрылымын әртараптандыруға, су ресурстарын ұтымды пайдалануға және жаңа агротехнологияларды өндіріске енгізуге мүмкіндік береді.

Шиелі ауданы қант құмайы 2.jpg

Тағы да оқыңыз: