Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топпен қала аумағын ластау, белгіленбеген орынға қоқыс қалдығын төгу деректері бойынша бақылау жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында көше тазалығын сақтамай тәртіп бұзған бірқатар тұрғындар анықталып, оларға қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, «Қызылорда Тазалығы» мекемесі мен учаскелік полиция инспекторлары тарапынан ескертулер жасалды. Нәтиже шықпаса, айыппұл төленеді.
Айта кету керек, қаламыздың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында "Қызылорда тазалығы" мекемесі жеке және заңды тұлғаларға үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Бүгінгі күні көшелердің санитарлық тазалық жұмыстарына 50 дана арнайы техника жұмылдырылса, қаланың 813-тен астам көшелерінің тазалығын қамтамасыз етуге 150 жұмысшы күші, 70 жүк тиеуші, 60 жүргізуші қызметкерлер біріктірілген.
