Фото: skcn.kz

Kyzylorda-news.kz.  "Қадірлі қала тұрғындары! Аймақ басшысы үлкен сенім артып, Қызылорда қаласының әкімі ретінде қызметімді бастағанымды білесіздер. Әрине, әр азаматтың туған жеріне адал қызмет етуі - перзенттік парызы. Сондықтан қаламыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуы жолында Сіздердің қолдауларыңызбен аянбай еңбек етуге бар күш-жігерімді  арнаймын.


Барша тілеулес, ниеттес азаматтардың құттықтауларына және сеніміне алғысымды білдіремін. «Facebook» әлеуметтік желісінде жаңа өз аккаунтымды аша отырып, бұл платформа арқылы Өздеріңіздің әрбір ұсыныс-пікірлеріңізді ескеретін боламын", - деп жазды Серік Қожаниязов фейсбук парақшасында.

Тағы да оқыңыз: