Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Айдос Кентугаев тағайындады. Бұл туралы қала әкімі Серік Қожаниязов мәлімдеді.
«Өздеріңіз жақсы білесіздер, соңғы екі жыл бедерінде қала қарқынды құрылыс алаңына айналды. Сол себептен облыс орталығының сәулеттік дамуына серпін керек. Осы бағытқа екпін беру мақсатында сәулет және қала құрылысы саласында тәжірибесі мол, креативті көзқарасы бар архитектор Кентугаев Айдос Зейнуллаұлын қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындауды жөн санадым», - делінген шаһар басшысының әлеуметтік желіде жариялаған хабарламасында.
Айдос Зейнуллаұлы бірнеше жыл бойы Алматы генплан ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары қызметін атқарған. 3 жыл Түркістан қаласының бас архитекторы болды.
Айдос Зейнуллаұлы 1986 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2005-2008 жылдары аралығында Қазақ Бас сәулет және құрылыс Академиясында «Сәулетші», 2011-2013 ж.ж Орталық Азия университетінде «Заңгер», 2014-2015 жылдары осы оқу орнының «Өнеркәсіптік және Азаматтық құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.
2015-2016 жылдары Қазақ Бас сәулет және құрылыс Академиясында «Сәулетші» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
2017-2019 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша оқыған.
Еңбек жолын 2006 жылы "Проектный Центр" ЖШС 1-ші дәрежелі сәулетші болып бастаған;
2009-2012 ж.ж «Алматы қала құрылыс кадастры» мекемесінің жетекші сәулетшісі;
2012-2018 ж. ж. құрылыс және сәулет саласымен айналысатын жеке мекемелерде басшылық қызметтер атқарған;
2018-2019 ж.ж «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институты» директорының орынбасары;
2020-2023 ж.ж Түркістан қаласының архитекторы, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды.
Айдос Зейнуллаұлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауылшаруашылығы және жер қатынастары салаларына жетекшілік ететін болады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай